Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі
Егер сіз жемқорлыққа тап бослаңыз осы нөмірге хабарласыңыз
Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі

Бөлім туралы

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
(Сайрам аудандық білім бөлімі)

Шығысты зертеуші саяхатшы, ғалым В.Бартольд (1893-1894 жылдары Сайрам өңірінде болып, мұндағы ауылдар мен қыстақтарда 50 медресе, 40-қа жуық оқу топтары болды деп жазды. Олардың ішінде қыздар медресесі де болған. Бұл ауданның ауқымына шаққанда үлкен көрсеткіш.

    1906 жылға дейін Сайрамдағы оқыту жүйесі діни бағытта болып келген. Ал 1906 жылдан бастап жалпы адамзаттық құндылықтар алдынғы қатарға шығатын жаңаша көзқарастағы мектептер ашыла бастады.Жәдит бағытындағы мектептерде  дін сабағынан өзге ғылыми, тарихи, философиялық дәрістер беріліп тұрды. 1919 жылдан реформаланған араб әліпбиі негізінде қәзіргі оқу жүйесі қолға алынды.

 1919 жылғы 16 желтоқсанда «Елдегі сауатсыздықты жою» жөнінде Кеңес үкіметінің Қаулысы жарық көрді. Соның негізінде халықты жаппай сауаттандыру үшін жаңа типті сауат ашу мектептері мен қысқа мерзімді курстардың саны өсті. Түрлі ммәдени ағарту ошақтары жұмыс істеді. 1920 жылға дейін Ақсу, Қарасу, Лапшын, Николаевка селоларында орыс тілінде оқытылатын бірнеше бастауыш мектеп болған екен..1921 жылға қарай сауат ашу мектептерінің  саны 42-ге жетіп, онда 1280 адам білім алды.Ақсу, Сайрам, Қарасу, Манкент, Қарабұлақ,, Бадам ауылдарында да сауат ашатын ұлттық мектептер іске қосылды..1928 жылы аудан жаңа құрыла бастағанда  3 жылдық бастауыш мектептердің саны 10-нан асты, кейін мектептер іріленіп орта мектептерге айналды.

1930 жылы Министрлер кеңесінің «Міндетті бастауыш білімді ендіру туралы» қаулысы жарық көрді.Ол жаңа мектептер салуға, білім беру саласына қомақты қаржы бөліп, оның базасын нығайтуға, кадрларды-педагогтардың сапалық құрамын жетілдіруге ықпал етті. 40 жылға қарай ауданда мектепке тартыылған балалар саны 8452-ге жетті. 1941-1945жылдары ауданда 2 орта, 35 жеті жылдық және бастауыш мектептер жұмыс істеді.Соғыс жылдары Сайрам ауылындағы Калинин атындағы орта мектеп жанынан жетім балалар интернаты ашылып, оған 40 бала жайғастырылды.1958 жылы жалпыға бірдей міндетті сегізжылдық білім туралы бағдарлама басшылыққа алынды. Бұл үлкен қозғалыс әкелді. Балалар контингенті артуына байланысты жаңа мектептер ашыла бастады. Сонымен бірге ауыл шаруашылығына мамандар даярлау үшін ауданда 3 кәсіптік- техникалық училище ашылды. Олар Ақсукентегі №11, Қарабұлақтағы№32, Сайрамдағы ауылдық училищелер . 70 жылдары жалпыға бірдей орта білім беру жүзеге асырыла бастады. Ауданда 17 орта, 43 сегізжылдық, 23 бастауыш мектеп жұмыс істеп, 5 кешкі жұмысшы жастар мектебі ашылды..Оқущылар контингенті 30 мыңнан асты. 90 жылдары аудандағы мектептердің саны 99-ға жетті. Оның 37-сі орта, 48-і сегізжылдық, 14-і бастауышмектептер болған. Білім алушылар саны 50м мыңнан асты.

2010 жылы ауданда 104 мектеп жұмыс істеді,Оның 76-сы орта, 23-і негізгі, 5- бастауыш мектептер.. Онда 70 мыңға жуық оқушы білім алса,6664 мұғалім еңбек етті.Оның ішінде 4-уі мектеп гимназия, 1 лицей мектеп, 2 балалар саз мектебі, 2 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі жұмыс істеді.

Сайрам ауданы шакарасының ауысуына байланысты алдымен 2, сосын 34 мектебі қала ауммағына өтті.

2020 жылы ауданымызда 77 мектеп, (оның 68-і орта, 8-і негізгі,1-уі- бастауыш мектеп және 1-уі мектеп интернат).3 қосымша білім беру мекемесі (Саз мектебі, “Жас туристер станциясы”,”Оқушылар үйі”, 1 оқу өндірістік комбинаты) жұмыс жүргізуде және оқушылар саны  690000-ға  жетті. Жалпы  мектептердің 2-уі жекеменшік мектеп. Олар: Хайтенов ЖОМ мен Низамхан ЖОМ,

  Мектепалды даярлық бойынша  1991 жылы ауданда тек 1 ғана мемлекеттік “Күншуақ” бала бақша ғана жұмыс жасады,онда небәрі 280 бала тәрбиеленді.  Қазақстан Республикасы “Балапан” бағдарламасының аясында  мектепке дейінгі мекемелер саны күрт өсті. Қәзіргі таңда ауданымызда 11 мемлекеттік, 84 жекеменшік, 3 мектеп жанындағы шағы орталық жұмыс істеуде.

А.Қабылбеков: “Қалдырған ізің мәңгілік” кітабынан