Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі
Егер сіз жемқорлыққа тап бослаңыз осы нөмірге хабарласыңыз
Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі

Демеушілер мектепке көмектесті

     «Ауылым-ел тірегі» жобасы Сайрам ауданы әкімі  Ұ.Сәдібековтың бастамасымен осы жылдың наурыз айынан бастап ауданның ауыл округтерінде онкүндік болып кестеге сәйкес өтуде. Осы жобаның соңғы көші аудан орталығына да жетті. Бұл жобаның мақсаты:: онкүндік өтетін ауыл округінде барлық бөлімдер мен аудан аппараты тұрғындармен  көшпелі кездесу және жеке қабылдау өткізу арқылы құқықтық көмек беру, ауыл аймағында шұғыл  шешуді қажет ететін проблемаларды  дер кезінде  бюджет не демеушілер тарапынан шешу және абаттандыру мен көріктендіру жұмыстарын жүргізу.

Ақсукент ауыл округі бойынша 67 іс-шара жоспарланса, соның бірі №7 Бабур атындағы ЖОМ-нің шатырын жөндеу жұмыстары демеушілер тарапынан шешімін тапты.

Бабур ЖОМ-і 1980 жылы пайдалануға берілген типтік мектеп. Сыйымдылығы 1176  балаға арналған мектеп  бюджет тарапынан 2015 жылы 2 корпусы  күрделі  жөндеуден өткен. Дегенмен асхана, кітапхана,тағы қызметтік бөлмелерінің төбесі битуммен жабылған бөлігінің шатыры жөндеуді қажет етіп тұрған еді, осы мәселе демеушілер тарапынан шешімін тауып, 680 квадрат метр көлемінде 4,5 миллион теңгеге  профнастилмен жабылды. Демеушілік жасаған азаматтар : Халмурадов Шамхат, Толаметов Журабек, Толаметов Жамшид,Исаков Акмал,Юсупов Абдурасул,өзбек этно-мәдени орталығы, және мектепті 20,30 жыл бұрын бітірген түлектер.

Демеушілерге  адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысы Қ.Шадиева мен мектеп әкімшілігі тарапынан  алғыс білдірілді.