Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі
Егер сіз жемқорлыққа тап бослаңыз осы нөмірге хабарласыңыз
Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі

«Ел тұрақтылығы және жастар тәрбиесі»

# Тәрбие саласы

# Балалар жылы 2022

# «Ел тұрақтылығы және жастар тәрбиесі»

2022 жылғы 23 қыркүйек күні Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылындағы №77 Тұран жалпы орта мектебінде «Ел тұрақтылығы және жастар тәрбиесі» тақырыбында Қарабұлақ ауылы әкімінің орынбасары Бахтияр Шамуратов және АІІБ учаскелік полиция инспекторы Суръат Адахамовмен жоғары сынып оқушыларының кездесуі ұйымдастырылды.

Күн тәртібінде.

 Мемлекет басшысының 2022 жылғы жолдауын оқушылардың жасерекшелгігіне қарай түсіндіру,

 Заң және тәртіп бағытын жастардың санасына сіңіру,

 Құндылықтарға бағдарлай отырып, оқыту жобалары қарастырылды.

Қарабұлақ ауылы әкімінің орынбасары Бахтияр Шамуратов жиналыс қатысушыларын күн тәртібімен таныстырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауының «Жаңа экономикалық саясат», «Нақты секторды дамыту», «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция», «Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту», «Заң және тәртіп» бөлімдерін оқушылардың жасерекшелгігіне қарай түсіндірді. Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты мен басымдылықтары тұралы сөз сөйледі.

«Заң және тәртіп» бағыты бойынша АІІБ учаскелік полиция инспекторы Суръат Адахамов баяндама оқыды. Кәмелет жасқа толмаған балалар, көңіл – күй көтеретін орталықтарда және кешкі сағат 2200 ден таңғы сағат 0600 ға дейін жүруге тыйым салынатынын, егер де сол уақытта көңіл көтеретін орындарда балалардың жүруіне жол қойған ата-аналарға ескерту, көңіл көтеретін орындарының басшыларына айыппұл төленетінін айтты.

         Мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Ташнияз Ахмедов өз сөзінде Қазақстан Республикасының негізгі орта білім беру жүйесінде 2022 жылғы 11 тамызда «Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» бекітілді. Стандарттың 2-тарауы, 5-тармағында «Жалпы орта білім беру мазмұнында базалық құндылықтар» тақырыбын ашты.

          Еліміздің даму жолында әлемдік деңгейде танымал болған 6 (алты) құндылық, яғны Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, еңбек және шығармашылық, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық және өмір бойы білім алу құндылықтарына бағдарлый отырып пәндерді оқыту жобасын мектептің іс-тәжрібесіне ендіру тұралы баяндады.

       Кездесу барысында сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, ұстазармен оқушылардың пікірлері тыңдалды.

       Іс-шара соңында еліміздің тұрақтылығын және жастардың тәрбиесін нығайту үшін ортақ мақсатқа жету жолдары талданды.

№77 Тұран жалпы орта мектебі әкімшілігі