Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі
Егер сіз жемқорлыққа тап бослаңыз осы нөмірге хабарласыңыз
Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН АҚСУКЕНТТЕ 1200 ОРЫНДЫҚ ЖЕКЕМЕНШІК ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Бүгін облыс әкімі Д.Сатыбалды аудан әкімі Ұ.Сәдібековпен бірге Ақсукент ауылындағы 1200 орындық жекеменшік жалпы орта мектебінің ашылу рәсіміне қатысып, жаңа ғимараттың лентасын қиды.
Өңір басшысы алдымен ұстаздарды жаңа ғимаратпен құттықтап, оқу жылына сәттілік пен жетістіктер тілеп, жеке кәсіпкердің жасап отырған игі ісіне алғысын жеткізді.
Жеке кәсіпкер Н.Сулаймановтың сөзінше, 2010 жылдан бастап несие алу жолымен жеке меншік негізде мектепке дейінгі және жалпы орта білім беретін мекемелердің құрылысын жүргізіп келеді. Инвестор 73 жасында ағымдағы жылы 7 айында 7 типтік үлгідегі мектептің құрылысын аяқтап, халыққа тапсырды. Бүгінгі таңда 10 балабақша және 10 мектептің құрылысы салынып, жалпы осы мекемелерде 12 мыңнан аса бала тәрбиеленуде. Мектеп құрылыстары алдағы уақытта жалғасатын болады. Барлық мектептерде балалардың білім алуларына қажетті жағдайлар жасалған. Ақсукент ауылында ашылған 1200 орындық жалпы орта мектептің құрылысына 2 млрд. теңге көлемінде қаражат жұмсалған.
Жаңа ғимаратты аралау барысында облыс басшысы облыс аумағында жекеменшік салудан Сайрам ауданы көш бастап тұрғанын үлгілі іс екенін ерекше айтты.
Сайрам ауданының Құрметті азаматы, белсенді ардагер І.Айтжан басшыларға ақ батасын берді.