Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі
Егер сіз жемқорлыққа тап бослаңыз осы нөмірге хабарласыңыз
Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі

Оқушыларға берілетін киім-кешек пен құрал-жабдықтар және ата-аналарға қолма-қол ақша беру мәселесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №1032 қаулысына және Қазақсатан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына сәйкес, орта білім беру ұйымдарында оқитын 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға берілетін кепілдік берілген әлеуметтік  топтамада мектеп формасы не спорттық форма және мектеп жазу керек-жарақтарының жиынтығын алып беру қарастырылған. Осы мақсатта 2021-2022 оқу жылында 1 балаға 27500 теңге көлемінде көмек көрсету көзделген. Мұндай санаттағы балалардың саны қазіргі таңда жобамен 7212 бала болып отыр. Былтырғы жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің шешімімен карантин жағдайында мектеп формасы міндеттелмегендіктен сатып алу конкурсы тоқтатылған болатын. Биылғы оқу жылында білім беру ұйымдары конкурс жарияланғаннан кейін бөлінген бюджет қаржысы игеріліп, қажетті заттар сатып алынатын болады. Бұл жұмыстарды мектеп есепшілері жүзеге асырады. Қолма-қол ақша тарату жүйесі қаралмаған.Сондықтан киімге қаралған қаржы нысаналы түрде жаратылады. Яғни, ата-аналардың есебіне аудару деген мәселе болмайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы  №64 Қаулысында көрсетілген білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына киім, аяқ киім, мектеп-жазу құралдарын қамту қарастырылған;

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;

3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;

4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;

5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер) қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды.