Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі
Егер сіз жемқорлыққа тап бослаңыз осы нөмірге хабарласыңыз
Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі

САЙРАМДЫҚ БАЛАЛАР ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ ОТБАСЫЛЫҚ БАЛАЛАР ҮЙІНЕ СЫЙЛЫҚ ЖАСАДЫ

САЙРАМДЫҚ БАЛАЛАР ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ ОТБАСЫЛЫҚ БАЛАЛАР ҮЙІНЕ СЫЙЛЫҚ ЖАСАДЫ.
           Қайырымдылық ігі іс екенін бойына сіңіре өскен жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыта білген педагогтар мен ата-аналар еңбегі жанғанының куәсі болдық.
Күні кеше мектеп оқушылары арасында футзалдан Түркістан облысы әкімі кубогі үшін өткен облыстық жарыста Сайрам ауданының мектеп оқушылары, 5-6 сынып оқушылары ІІІ орын, 7-8 сынып оқушылары І орын және 9-11 сынып оқушылары ІІІ орын иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды, атап айтқанда І орын иегерлері LG маркалы теледидар, ІІІ орын иегерлері 2 дана музыкалық күшейткіш аппаратын алған еді.
           Бүгін мереке күні Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Сапарбеков Альжан Нұртасұлының бастамасымен жаттықтырушылар және жеңімпаз оқушылармен ақылдаса келе бірауыздан аталған жарыста жеңіп алған сыйлықтарды Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының “Түркістан облысының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы” отбасылық балалар үйіне табысталды.
«Жомарттық- сұратпай сыйлау»- деп халық мақалы дәл айтқан. Отбасылық балалар үйіне жасаған жомарттықтары үшін осы шараға атсалысқан Алжан Нұртасұлы мен өз жеңістерін еліміздің Тәуелсіздігіне , ал сыйлықтарын балаларға арнаған футболшы балаларға мекеме директоры С.Нүрпейісов алғыс білдірді.
            Балалар үйі балалары өздері сияқты балалардың сыйлығына қатты қуанып, спорттағы жетістіктеріне табыс тілеп, өздері де спортпен айналысатындарын жеткізді.
Балаларға мерекеге тәттілер берілді.
Мереке құтты болсын.