Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі
Егер сіз жемқорлыққа тап бослаңыз осы нөмірге хабарласыңыз
Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі

Сайрам ауданы 93 Абылай хан атындағы жалпы орта мектебінде болып өткен магистр мамандардан құралған шығармашылық топтың онкүндігінде өткен іс -шаралар.

 Мектебіміздің зертеуші магистр ұстаздары Расулметов Кабылжан, Юлдашева Хуршида және Мирахметова Умида әріптестеріміз шебер сынып сабақтарын өтті. Расулметов Кабылжан әріптесіміз «Білім беру процесінде QR-кодты қолдану» тақырыбында шебер сынып өткізді. Коучингті өткізудегі мақсаты: білім беру мен білім алудағы жаңа технологиялармен оның ішінде: Qr-кодты, Plickers, Padlet туралы түсініктер қалыптастыру, оқыту сапасын жақсарту үшін және зерттеу сабағының нәтижелі болуы үшін жаңа әдіс – тәсілдерді тиімді пайдалануға бағыт беру, үйрету.
Мұғалімдер оқыту мен оқудағы жаңа технологияларды қолдануды үйренді, іс жүзінде жасап көрді. Сабақтарда қалай пайдалану керектігін үйренді.
Мирахметова Умида “Қашықтан оқыту платформаларын тиімді пайдалану” тақырыбында шебер сабақ көрсетті. Қазіргі таңда қашықтан оқыту біздің өміріміздің бір бөлігіне айналғандығын білеміз. Сондықтан сабақ беру оқытуда осы көрсетілген тәсілдерді мұғалімдер тиімді пайдалануды үйренді, тәсілдерді өз тәжірибесіне және зерттеу сабақтарында қалай ықпалдастыру керектігін түсінеді. Өз тәжірибелерінде орынды пайдалана алады.
Юлдашева Хуршида әріптесіміздің коучинг сабағының тақырыбы “Эссе жазудың басты ережелері”. Қазіргі таңда ең қажетті тақырыптың бірі. Коучингке қатысқан барлық әріптесіміз эссе жазудың қыр сырын жетік меңгеріп, өз іс тәжірибиелерінде пайдаланады деп ойлаймыз. Қатысушылар бір-біріне кері байланыс берді. Шебер сабақтар барлық ұстаздардың көңілінен шықты. Ұстаздарымызға шығармашылық табыс, кәсіби өрлеу мен зейінді тыңдаушыларының көп болуын тілейміз!!!