Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі
Егер сіз жемқорлыққа тап бослаңыз осы нөмірге хабарласыңыз
Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі

Түркістан облысы Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №17 жалпы орта мектебінде 2022 – 2023 оқу жылында 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағыт – бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында директордың бейінді істер жөніндегі орынбасары С.Шадиевтың ұйымдастыруымен «Мамандық әлеміндегі – МЕН» тақырыбында сұхбат өткізді. Басты мақсат: Жоғары сынып оқушыларының қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып, ХХІ ғасырдағы жаңа технологиялардың қарыштап дамып, жаңа мамандықтардың пайда болуына байланысты еңбек нарығындағы сұраныстарды ескере отырып, дұрыс таңдау жасау керектігін түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Сұхбат барысында оқушылар түрлі мамандықтар туралы өздерін қызықтырған сұрақтарын беріп, керекті әрі пайдалы ақпараттар алды.

https://www.facebook.com/100042966031709/posts/pfbid0FTywHdt8sjvMiMsdknXKVpFc9dddxoyybUo8szrEc5oGrPodP6gMasMDVf5diJcgl/?d=w&mibextid=kdkkhi