Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі
Егер сіз жемқорлыққа тап бослаңыз осы нөмірге хабарласыңыз
Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі

# Тәрбие саласы # Балалар жылы 2022 # Салауатты өмір салтын ұстану

Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. Біздің ата- бабаларымыз «Дені саудың – жаны сау», «Бірінші байлық-денсаулық», – деп бекерге айтпаған.
2022 жылғы 16 қыркүйек күні №77 Тұран жалпы орта мектебінде тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Т.Ахмедов, үйірме жетекшілері Н.Насритдинов және И.Файзуллаев бастамасымен салауатты өмір салтын ұстану бағытында «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында Мектепішілік деңгейде шебер-сынып ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты:
 Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, денсаулықтың өмір тірегі екендігін түсіндіру,
 Тәрбиелеушілерді салауатты өмір сүріп, зиянды заттардан аулақ болуға үйрету,
 Күн тәртібін дұрыс ұстанатын, денсаулығы мықты, еңбекке жарамды тұлға қалыптастыру.
Шебер-сынып барысы.
№77 Тұран жалпы орта мектебінің жиналыс залында спорт үйірмесіне мүше болған «Жас спортшылар», үйірме жетекшілері, 5-7 сынып оқушылары қатысуымен өткізілген «Спорт – денсаулық кепілі» атты шебер-сыныпты бастар алдында тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Т.Ахмедов 2021-2022 оқу жылы бойынша спорт саласында орындалған іс-шаралармен жеткен жетістіктерге тоқталды. Мектебіміздің намысын қорғап, аудандық, облыстық, республикалық деңгейде үздік нәтиже көрсеткен талантты оқушыларымызды марапаттады.
Үйірме жетекшілері Н.Насритдинов шебер-сыныптың мақсаты мен міндетін оқушыларға түсіндірді. Волейбол ойыны туралы, оқушылардың дайындығы, спорттық жарыстарда жетістіктерге жету жолдары бойынша шеберлік сағатын өткізді.
Шебер-сынып барысында мектебіміздің спорт жүлдегерлері өздерінің жетістіктерімен бөлісті. Сайыстар қай қалаларда өткендігі, ол жерлерден алған әсерлері, жарысу кезеңіндегі қиындықтар мен мүмкіндіктерді еске алып, марапатталу кезеңінде қандай сезімде болғанын баяндады.
Жарыс барысында түсірілген бейнежазбалар, фотосуреттер көрермендердің назарына ұсынылды, пікір алмасу, сұрақ-жауаптар өткізілді.
Шебер-сынып соңында мектеп оқушыларыдан кері байланыс алынды. Тәрбиелік іс-шараға қатысқан оқушылардың көпшілігі шыңдан көрінуді ұнататынын, біреуі спортта, екіншісі өнерде, тағы басқалары пән олимпиадасында жүлделі орындарды алуға тырысатынын жазған.

Сайрам ауданы,
№77 Тұран жалпы орта мектебі әкімшілігі