Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі
Егер сіз жемқорлыққа тап бослаңыз осы нөмірге хабарласыңыз
Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі

# Тәрбие саласы # Балалар жылы 2022 # 25-қазан Республика куні ұлттық мерекесі

25-қазан Республика күні ұлттық мерекесі қарсаңында №77 Тұран жалпы орта мектебінде волейболдан 2010-2011 жылда туылған жасөспірім ұлдар арасында «Аксу жекпе-жек спорт клубы» бастамасымен ашық біріншілік өткізілді.

Іс-шараның мақсаты:
 Жас ұрпақты өз Отанын сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу;
 Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын ояту, балалар арасында ынтымықтастықты нығайту;
 Белсенді, денсаулығы мықты, еңбекке жарамды тұлға қалыптастыру.

Спорттық жарыстың барысы:
№77 Тұран жалпы орта мектебінің спорт залында ашық біріншіліктің ашылу салтанатында мемлекеттік әнұран орындалды. Сайысты өткізу тәртібі мен қауіпсіздік техникасы ережелері түсіндірілді.
Командалардың жарысу кестесі түзіліп, ережеге сай спорттық сайыс өткізілді. Іс-шараны ұйымдастыру және үйлестіру барысында үйірме жетекшілері Н.Насритдинов және И.Файзуллаев белсенділік танытты.
Волейбол ойынынан жартылай финалға жетіп келген жеті команда бағын сынады. Атап айтсақ, «№92 Аксу ЖОМ», «Далабазар ЖОМ», «№10 Карабұлак ЖОМ», «№77 Тұран ЖОМ», «№26 М.Кашкарии атындағы ЖОМ», «Низамхан Сулайманов атындағы ЖОМ», және «Аксу жекпе-жек спорт клубы» командалары қатысты.
Әділ қазылар шешімі бойынша «№77 Тұран ЖОМ» командасы 1-орынды, «№26 М.Кашкарии атындағы ЖОМ» командасы 2-орынды, «Низамхан Сулайманов атындағы ЖОМ» командасы 3-орынды иеленді.
Жеңімпаз командалар медаль, кубок және громаталармен марапатталды!

Т.Ахмедов, тәрбие ісі жөніндегі
директор орынбасары
№77 Тұран жалпы орта мектебі
Сайрам ауданы