Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі
Егер сіз жемқорлыққа тап бослаңыз осы нөмірге хабарласыңыз
Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі

Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі

2021 жылдың 11 маусым күні “Жастар ресурстық орталығы” базасында, “Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының” ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына арналған “TURAN ARCHITECT” облыстық көрме-байқауы өткізілді.  Байқау оқушылардың шығармашылық қабілетін, тұлға ретінде эстетикалық талғамын дамыту және ой-өрісін кеңейту мақсатында ұйымдастырылып откізілді.

Байқаудың тақырыбы: “ Түркістан – заманауи ғимараттар қаласы” сәулеттік макеттер жасау керек болатын.  Байқауға қазылар алқасы мүшелері ретінде Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының бас мамандары шақыртылды.  Байқауға жалпы Түркістан облысы бойынша 17 жоба қатысты.

Сайрам ауданынан байқауға аудандық кезеңнің жеңімпазы, №93 Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы, Оқу-өндірістік комбинаты «Безендіру жұмыстарын атқарушысы» мамандығының үздік оқушысы Нариманова Балнұр ұстаздары Патчаев Курбанали Абдирахманович және Патчаева Ольга Ивановнаның жетекшілігінде «Түркістан шуағы» атты жобамен қатысып, жүлделі 3-орынды иеленді.