Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі
Егер сіз жемқорлыққа тап бослаңыз осы нөмірге хабарласыңыз
Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі

Ғылыми жобалар байқауында республикалық кезеңге жолдама алды

12-сәуір — ғылым қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. ҚР Президентінің 20 қазан 2011 жылғы №164 санды жарлығы негізінде белгіленген.

Қазіргі таңда Қазақстанда ғылымды ерте жастан бастауға ден қойылған. Мектеп қабырғасынан бастап ғылыми жобалар байқаулары өтуде. 4 кезеңнен тұратын байқауға көптеген оқушылар қатысып, өз бақтарын сынауда. 2020-2021 оқу жылында Түркістан облысы Сайрам аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің №74 жалпы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Сарманова Аяулым, жетекшісі биология пәнінің мұғалім Есимова Балжан республикалық кезеңге дейін жолдама алып, мадақтамамен марапатталды.

Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың ғылымға деген қызығушылығы жылдан-жылға артуда. Ауданымызда 187 магистр педагогтер мектептерде қызмет атқаруда. Сонымен қатар, 1 ғылым кандидаты Бөкейхан жалпы орта мектебінің директоры Алтаев Болаттемір Әмірұлы қызмет атқаруда. Жалпы ғылым саласында қызмет атқарып жүрген ғалымдарды атаулы күнмен құттықтаймыз! Ауданымыздың жас ғалымдары биік шыңдардан көріне берсін!