Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі
Егер сіз жемқорлыққа тап бослаңыз осы нөмірге хабарласыңыз
Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі

«Қамқоршылық кеңес» отырысының ХАТТАМАСЫ

№ 6 негізгі орта мектеп –интернат КММ

«Қамқоршылық кеңес» отырысының

ХАТТАМАСЫ №1

Өтілген күні:17.07.22 ж.

Қатысқандар:мектеп әкімшілігі, ата-аналар, жергілікті мекеме қызметкерлері

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

  1. «Қамқоршылық кеңестің» ережесімен, мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру
  2. «Қамқоршылық кеңестің» төрағасын сайлау
  3. Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету.
  4. Тыңдалды: 1-мәселе

Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша мектеп директоры Н. Алиев сөз алып, жиналысқа қатысушыларды “Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылымминистрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ереже мен таныстырып өтті. (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 123 бұйрығы) Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестік ,бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылатындығын айта келіп, міндеттеріне тоқталды.                                                                   1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады                                                                                                                                                    2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;

4) Қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;                                                      5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды; 6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру  барысында ұсыныстарды әзірлейді;                                                                                                                                   7)Тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді; Мектеп директоры қамқоршылық кеңестің қосымша бюджеттен тыс қаржыларды тарту және жұмсау түрлері мен тәртібіне, Қамқоршылық кеңесінің құқықтары мен міндеттеріне, оның қағидаларына , сонымен қатар кеңестің құрамына тоқталып өтті.                                                                                                  1. Тыңдалды: 2-мәселе 2. ә) Сөйледі: Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша сөз алған ата-аналар комитетінің  төрағасы .Б.Эргешев Қамқоршылық кеңес құрамына кімдер ену керектігіне, олардың функционалдық міндеттеріне тоқталып өтті. Жиналысқа қатысушылардың ортақ ұсынысымен төмендегі тұлғалар Қамқоршылық кеңестің мүшесі болуға ұсынылды. Қамқоршылық кеңес төрағасы:  1.Ш.Эргашев орынбасары 2.Б. Эргешев Хатшы:                                            Р. Сайдижаббаров Қамқоршылық кеңестің мүшелері: 3.Б. Анарметов                           4 Қ.Саипов  5. А. Торакулов  6 Х.Юлдашев 7.Т. Нарметов 8.Х. Кенжабаев                      9. Ш. Давлетов , қамқоршылық кеңес мүшелері ашық түрде бір ауызбен                   Ш. Эргашевті сайлады.                                                                                                                              Б) Үшінші сұрақ бойынша мектеп әлеуметтік педагогы Р.Сайдижаббаров сөз сөйледі. Өз сөзінде жалпы биылғы оқу жылында мектебімізде ыстық тамақпен  қамтамасыз етілген. Және де ол оқушылардың негізгі құрамы әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылар, күн көріс деңгейі төмен отбасыларда тәрбиеленетін оқушаларды құрайтының айтты. Сонымен қатар ыстық тамақтың сапалық құрамын тексеретін бракераждық комиссия жұмыс жасайды

Шешімі:

  1. Қамқоршылық кеңестің ережесіне сәйкес № 6 негізгі орта мектеп интернат коммуналдық мемлекеттік мекемесінде құрылған кеңестің жұмысы жандандырылсын.

2.Қамқоршылық кеңес құрамына ұсынылған тұлғалар кеңес мүшелігіне сайлансын.

3.Жоғарыда көрсетілген аз қамтамасыз етілген оқушыларды ыстық тамақпен толық қамтамасыз етуді қадағалау.

 

Қамқоршылық кеңес төрағасы:                                   Ш. Эргашев

Хатшы:                                                                           Р. Сайдижаббаров