Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі
Егер сіз жемқорлыққа тап бослаңыз осы нөмірге хабарласыңыз
Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі

1 Қыркүйек Білім күні

       1   Қыркүйек  Білім    күні
Түркістан облысы Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты № 11 ”Манкент” жалпы орта мектебінде “Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет” тақырыбында 1 Қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.
Салтанатты іс – шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні мен басталды.
Мектеп директоры Урманов Хаятулла Абдивалиұлы сөз алып мерекелік іс – шараны ашып берді.
Іс – шараға Сайрам ауданы, адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Жайлаубаева Ақмарал, Сайрам ауданы мәслихаты депутаты Даванова Саёра, Манкент ауыл әкімшілігі қоғамдық кеңесінің мүшесі Исматуллаев Бахадир мырзалар қатысып, мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндерді, мектеп оқушыларын, ұлағатты ұстаздарымызды құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Салтанатты жиындан соң 1-11 сынып жетекшілері “Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет ” тақырыбында біріңғай сынып сағаттарын өткізді.