Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі
Егер сіз жемқорлыққа тап бослаңыз осы нөмірге хабарласыңыз
Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі

01
02
03
01

Соңғы жаңалықтар

Құрметті сайт қолданушылары!

Мемлекет басшысы атап өткендей «Мұғалім – білім беру жүйесінің негізі. Біздің балаларымыздың білім деңгейі мұғалімдерге жасалған жұмыс жағдайларына тікелей байланысты». Президент бұл сөздермен мұғалімдердің білім беру жүйесіндегі рөлінің қаншалықты маңызды екенін көрсетіп отыр.

Ұстаздардың тек мектепте ғана емес, өмірде де көшбасшы екеніне сенімдімін. Бүгінгі таңда бізге балалар мен олардың ата-аналары ғана емес, бүкіл ел үміт артып отыр. Сондықтан қазіргі жағдайда біздің міндетіміз тек оқыту ғана емес, сонымен қатар тұрақтылық пен сенімділікке бағыт беру. Шыдамды болып, мейірімділік пен ұстамдылық таныта біліңіздер.

Сіздерге баға жетпес ұстаздық еңбектеріңіз үшін, жанкешті жұмыстарыңыз бен кез келген уақытта балаларымызға тіреу болуға деген ізгі ниеттеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Отбастарыңызға амандық, денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Тынымбаева Гулнар Тунгушбековна

Бөлім басшысы

Адами әлеуетті дамыту бөлімінің 2022 жыл негізіндегі мәліметтері

Білім бөліміне қарасты мекемелер

Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне  қарасты ұйымдар саны 183 ді құрады, білім алушылар саны  62095

Оның ішінде:

1) мемлекеттік мектептер – 75 (оқушы саны – 59 037);

2) жекеменшік мектептер – 4 (оқушы саны – 3058);

3) мемлекеттік балабақшалар – 11 (бала саны – 1720);

4) жекеменшік балабақшалар – 85 (бала саны – 10 550);

5) мектеп жанындағы шағын орталықтар – 3 (бала саны – 90);

6) ҚББ – 4 (бала саны – 4769);   

Бүгінгі таңда, бөлімге қарасты мектептердің 64-і типтік ғимаратта, 12-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан.

2021-2022 оқу жылында Сайрам ауданы бойынша жалпы 79 мектепте 62095 оқушы білім алды. Оның ішіндегі түлектер саны – 3268  құрап отыр. Олардың 1727-і (сонда 53 %)-ы ҰБТ тапсыруға ниет білдірген.


Алтын белгі иегерлер саны-35


Үздік аттестат иегерлер саны-340


100 мектепке дейінгі ұйымдарда  790 топта  12360 тәрбиеленуші тәрбиленуде.   


2021 жылдың 1 сәуірінен бастап 1-сыныпқа электронды қабылдау E.GOV және MektepSmartnation электронды жүйе бойынша аудан мектептерінің                          1-сыныбына 4431 оқушы қабылданды

«Ұлттық мектеп лигасы-2021» Облыста 5 команда чемпион Республикада ІІ және ІІІ орын

«Ұлттық мектеп лигасы-2022» облыста 8 команда чемпион, Республикада ІІІ орын

Түркістан облысы әкімінің кубогі 7-8 сынып І орын 5-6 сынып ІІІ орын 9-11 сынып ІІ орын

8-9 сынып оқушысы Алтынбекова Арайлым, Алтынбекова Балайым және Равшанбеков Бақытжан Бурабайдағы «Айқанат» мектебіне тегін грантын жеңіп, 16 оқушы сырттай оқу мүмкіндігіне ие болды.

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері арасында өткен онлайн «Мыңнан тұлпар», «Біз өмірдің гүліміз», «Мен бақытты баламын», «Шеберлік пен шымырлық күні» шығармашылық пен «Алтын күз пейзажы», «Қош келдің, жайдарлы жаз», «Қысқы пейзаж» сурет және
«Мен зерттеушімін» байқауыларының қорытындысы бойынша республикалық деңгейде І орын – 15, ІІ орын – 20, ІІІ орын – 25 тәрбиеленуші иеленді. Облыстық деңгейде І орын – 2, ІІ орын – 2, ІІІ орын – 3 тәрбиеленуші иеленді.

«Күнделік» электрондық журналдар мен күнделіктердің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне аудан бойынша 79 (100%) мектеп қосылған. Жүйеде 8264 мұғалім, 57562 оқушы, 41282 ата-аналар тіркелген.


«Online-mektep» интернет-платформасына 75 мектеп қосылған. Ондағы қолданушы оқушылардың саны – 57098, мұғалімдердің саны–6873  құрайды.


Аудан аумағына 75 мемлекеттік мектеп болса, барлығы интернет желісімен қамтылған.Оның ішінде 32 мектепте(45,%) интернет желісінің жылдамдығы               4 мбит/с дейін, 23 мектеп(31,%) 8 мбит/с-қа дейін интернетпен қамтылған, ал қалған 20 мектепте (25,6%) интернет желісінің жылдамдығы жоғары жылдамдықта жұмыс жасайды.


Интернетпен қамту мәселесін шешу үшін республикалық бюджет есебінен алынған компьютерлік техникаларға қосымша қажетті 4842 роутерлер мен USB-модем (арнайы 2 айлық«Bilim» тарифімен) берілді.

Педагог кадрлар

6712 педагогтар саны (мемлекеттік мектеп)
6712 жоғары білімді
114 магистр

206 педагогтар саны (жекеменшік мектеп)
203 жоғары білімді
4 магистр

жоғары санаты – 191
бірінші санаты – 288
екінші санаты– 463.

 
1 +

Педагог шебер

1 +

Педагог зерттеуші

1 +

Педагог сарапшы

1 +

Педагог модератор

Бізбен байланысты ұйымдар