Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі
Егер сіз жемқорлыққа тап бослаңыз осы нөмірге хабарласыңыз
Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі

“Аталар жолымен – ағалар ізімен!” тақырыбында кездесу

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N18 Әбдібай Құрмантаев атындағы жалпы орта мектебінде 2022 жылғы “Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз” мерекесіне орай 1 наурыз – 1 Сәуір күндері аралығында өткізілетін “Қош, келдің Наурыз!” мерекелік айлық іс-шарасы жоспарына сәйкес 18-наурыз күні 10-11 сынып оқушыларымен Наурыз қоржын: “Аталар жолымен – ағалар ізімен!” тақырыбында кездесу, сыр-сұхбат кеші ұйымдастырылды.
Кездесуге Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер, осы мектептің түлегіТөрегелді Оразалыұлы Қалмұратов, М.Сапарбаев атындағы институт жанындағы Парасат колледжінің директорының оқу ісінің меңгерушісі Гаухар Әбдірайымқызы Балданбаева, аталған колледждің оқытушысы Амиров Амирали, Түркістан облыстық әкімдігінің бөлім басшысы Сарыбеков Ербол Өмірбекұлы, жеке кәсіпкер Нарбеков Қуанышбай Үсенұлы қатысты.
Оқушылар келген қонақтардың әсерлі әңгімелерін, кәсіптік, қызметтік өсу жолдарынан қызықты әңгімелер тыңдап, өздерін толғандырған сұрақтар қойып, оған тұщымды,мәнді жауап алды.
Бұл кездесу, сыр-сұхбаттың мақсаты: оқушылардың өмірдегі өз орнын табуға көмектесу, жан дүниесін байыту арқылы адамгершілікке жетелеу. Бітіруші оқушыларға кәсіби бағдар беру.Мамандық таңдауда қателеспеу.
Кездесу барысында келген қонақтар мектебіміздің оқушыларына келе жатқан наурыз мерекесіне орай ұлттық нақыштағы кестелеп тігілген және майлы бояумен салынған картиналарды тарту етті.
Төрегелді Оразалыұлы Түркістан облысы “Ауыл” ХДПП атынан білім беру саласында еңбек етіп, бала тәрбиесі мен біліміне, мектеп өміріне елеулі үлес қосқан мұғалімдер мен қызметкерлерге””Ауыл” партиясының “Алғыс хатымен” марапаттап, гүл шоқтары мен ұлттық нақыштағы мүсіндерді сыйлап, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай құттықтады.Кеш соңын қорытындылаған мектеп директоры Ғалымжан Рысбекұлы Құрмантай оқушыларымыздың атынан келген қонақтарға өзінің ризалығын білдірді.