“Үздік педагог” атаған беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 23.04.2020 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы “Үздік педагог” атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) “Білім туралы” 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының8-6) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарының педагогтеріне “Үздік педагог” атағын беру тәртібін айқындайды.
- Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Конкурстық комиссия – аудандық (қалалық), облыстық деңгейде Конкурстың аталған кезеңінің жеңімпазын айқындау және Конкурстың келесі кезеңдеріне қатысу үшін ұсыным ұсыну үшін құрылатын комиссия (бұдан әрі – Комиссия).
2) Конкурсқа қатысушы – осы Қағидаларға сәйкес Конкурсқа қатысуға құжаттарын ұсынған білім беру ұйымының штаттағы педагогі;
3) педагог портфолиосы – педагогтің білім беру қызметіндегі жеке кәсіби жетістіктері, оқушыларының оқуы мен тәрбиесі және дамуының нәтижелері, педагогтің белгілі бір уақыт аралығындағы білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі ұсынылған жеке папкасы;
4) Республикалық конкурстық комиссия – Конкурс жеңімпазын айқындау және оған “Үздік педагог” атағын беру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі құратын комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия);
5) сыйақы – Конкурста жеңіске жеткен білім беру ұйымының педагогіне қайтарымсыз берілетін ақша;
6) эссе – ұсынылған тақырып бойынша жеке әсерді, идеяларды білдіретін шағын көлемді ойлар, шығарма.
2-тарау. “Үздік педагог” атағын беру тәртібі
- “Үздік педагог” атағы білім беру ұйымдарының педагогтеріне жыл сайын конкурстық негізде беріледі.
- “Үздік педагог” атағы бір адамға он жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.
Конкурсқа мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін білім беру ұйымдарының педагогтері қатысады:
білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері болып табылатын;
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар.
- Эссе тақырыбын көрсете отырып, Конкурс өткізу туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Конкурстың I кезеңін өткізу басталғанға дейін бір ай бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, сондай-ақ Министрліктің интернет-ресурсына орналастырады.
- Конкурс жыл сайын үш кезеңде өткізіледі.
1-параграф. “Үздік педагог” атағын беру конкурсының І кезеңін өткізу тәртібі
- Конкурстың I кезеңі – аудандық (қалалық), жыл сайын сәуір айында өткізіледі, онда екінші кезеңге қатысуға ұсынылған Конкурс жеңімпаздары айқындалады.
- Конкурстың I кезеңін өткізу туралы хабарландыруды білім бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Конкурстың I кезеңін өткізу басталғанға дейін он бес күн бұрын аудан (қала) аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, сондай-ақ Бөлімнің интернет-ресурсына орналастырады.
- Педагогтерді бағалау үшін құрамы Бөлімнің бұйрығымен бекітілетін аудандық (қалалық) Комиссия құрылады.
- Комиссия Бөлімнің қызметкерлерінен, тәжірибелі педагогтерден, педагогикалық шеберлік кәсіби конкурстарының жеңімпаздарынан, әдістемелік қызмет, біліктілікті арттыру институттарының қызметкерлерінен, сондай-ақ білім беру саласындағы қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құрылады.
- Комиссия мүшелерінің саны кемінде он бес адамды құрайды. Комиссия отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп саналады.
- Комиссия төрағасы, төраға орынбасары Комиссия мүшелерінен сайланады. Хатшы оның мүшесі болып табылмайды.
- Конкурстың І кезеңіне қатысу үшін жыл сайын Бөлімдерге білім беру ұйымдары электронды форматта мынадай құжаттар мен материалдар ұсынады:
1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) білім беру ұйымдарының басшылары растаған педагогке арналған ұсыныс;
3) жұмыс орны бойынша расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) білім беру ұйымының Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді және қазақ және орыс тілдерінде ұсыныс;
6) электронды тасымалдағыштағы жазылған оқу сабақтары;
7) оқыту тіліндегі портфолио (педагогтің портфолиосының құрылымы осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген);
8) эссе; эссе тақырыбын жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайды.
9) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген техникалық шарттарға сәйкес бейнеролик.
- Педагогтердің кәсіби қызметіндегі жетістігі осы Қағидаларға 4-қосымшағасәйкес өлшемшарттар бойынша бағаланады.
- Комиссияның аудандық (қалалық) “Үздік педагог” атағын беру туралы шешімі Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
- Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
- Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
- Конкурстың І кезеңінің қорытындылары Конкурс аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей ауданның (қаланың) аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ ауданның (қаланың) білім бөлімінің интернет-ресурсында орналастырылады.
- Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға Комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде ауданның (қаланың) “Үздік педагог” атағы беріледі және осы Қағидаларға 5-қосымшағасәйкес куәлік табыс етіледі.
2-параграф. “Үздік педагог” атағын беру конкурсының ІІ кезеңін өткізу тәртібі
- Конкурстың I кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар екінші кезеңге қатысуға жіберіледі.
- Конкурстың II кезеңі – облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астана, жыл сайын мамыр айында өткізіледі, онда үшінші кезеңге қатысуға ұсынылған Конкурс жеңімпаздары анықталады;
- Конкурстың II кезеңін өткізу туралы хабарландыруды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Білім басқармалары (бұдан әрі – Басқарма) Конкурстың II кезеңін өткізу басталғанға дейін күнтізбелік он бес күн бұрын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, сондай-ақ Басқарманың интернет-ресурсына орналастырады.
- Педагогтерді бағалау үшін құрамы Басқарманың бұйрығымен бекітілетін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Комиссиялары құрылады.
- Комиссия Басқарманың қызметкерлерінен, тәжірибелі педагогтерден, педагогикалық шеберлік кәсіби конкурстарының жеңімпаздарынан, әдістемелік қызмет, біліктілікті арттыру институттарының қызметкерлерінен, сондай-ақ білім беру саласындағы қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құрылады.
- Комиссия мүшелерінің саны кемінде он бес адамды құрайды. Комиссия отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп саналады.
- Комиссия төрағасы, төраға орынбасары Комиссия мүшелерінен сайланады. Хатшы оның мүшесі болып табылмайды.
- Конкурстың ІI кезеңіне қатысу үшін жыл сайын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Басқармаларына ауданның (қаланың) Бөлімдері электронды форматта мынадай құжаттар мен материалдарды ұсынады:
1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) Білім бөлімінің басшысы растаған педагогке арналған ұсыныс;
3) жұмыс орны бойынша расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) Білім бөлімінің Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді және қазақ және орыс тілдерінде ұсыныс;
6) электронды тасығыштардағы жазылған оқу сабақтары;
7) оқыту тіліндегі портфолио (педагогтің портфолиосының құрылымы осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген);
8) эссе; эссе тақырыбын жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайды.
9) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген техникалық шарттарға сәйкес бейнеролик.
- Педагогтердің кәсіби қызметіндегі жетістігі осы Қағидаларға 4-қосымшағасәйкес бағаланады.
- Комиссияның облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың “Үздік педагогі” атағын беру туралы шешімі Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
- Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
- Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
- Конкурстың II кезеңінің қорытындылары конкурс аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ Басқарманың интернет-ресурсына орналастырылады.
- Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпазға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың “Үздік педагог” атағы беріледі және осы Қағидаларға 5-қосымшағасәйкес куәлік табыс етіледі.
- “Үздік педагог” атағының иегеріне “Педагог мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-тармағынасәйкес жергілікті атқарушы органдар “2020-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген кемінде айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінде сыйақы төлейді, ол оның ағымдағы шотына бір уақытта аударылады.
3-параграф. “Үздік педагог” атағын беру конкурсының ІІІ кезеңін өткізу тәртібі
- Конкурстың IІ кезеңінің нәтижелері бойынша жеңімпаздар үшінші кезеңге қатысуға жіберіледі.
- Конкурстың III кезеңі – республикалық, жыл сайын тамыз-қыркүйек айларында өткізіледі, онда Конкурстың жеңімпаздары анықталады.
- Конкурстың республикалық кезеңін төрағасы Министрліктің бірінші басшысы немесе бірінші басшы айқындаған тұлға болып табылатын Республикалық комиссия өткізеді.
- Төраға болмаған жағдайда төрағаның міндетін атқару оның орынбасарына жүктеледі.
- Республикалық комиссия Министрлік қызметкерлерінен, тәжірибелі педагогтерден, кәсіби педагогикалық шеберлік конкурстарының жеңімпаздарынан, әдіскерлерден, біліктілікті арттыру институттарының қызметкерлерінен, сондай-ақ республикалық қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құрылады.
- Комиссия мүшелерінің саны кемінде он бес адамды құрайды. Комиссия отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп саналады.
- Республикалық комиссияның дербес құрамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.
- Конкурстың ІII кезеңіне қатысу үшін жыл сайын тамызда Министрлікке Білім басқармалары электронды форматта мынадай құжаттар мен материалдарды ұсынады:
1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша “Үздік педагог” атағын алу үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) Білім басқармасының басшысы растаған педагогке арналған ұсыныс;
3) жұмыс орны бойынша расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) педагогтің карточкалық базадағы 20 таңбалы қолданыстағы ағымдағы шоты туралы хабарлама;
6) Білім басқармасының Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді және қазақ және орыс тілдерінде ұсыныс;
7) электронды тасығыштардағы жазылған оқу сабақтары;
8) оқыту тіліндегі портфолио (педагогтің портфолиосының құрылымы осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген);
9) эссе; эссе тақырыбын жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайды.
10) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген техникалық шарттарға сәйкес бейнеролик.
- Педагогтердің кәсіби қызметіндегі жетістігі осы Қағидаларға 4-қосымшағасәйкес бағаланады.
- Комиссияның “Үздік педагог” атағын беру туралы шешімі Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
- Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
- Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
- Конкурстың республикалық кезеңінің қорытындылары Конкурс аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
- Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпазға Комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде “Үздік педагог” атағы беріледі және осы Қағидаларға 5-қосымшағасәйкес куәлік, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес төсбелгі табыс етіледі.
- “Үздік педагог” атағының иегеріне “Педагог мәртебесі туралы” 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5-тармағыменбелгіленген мөлшерде және тәртіпте сыйақы төленеді.
Үздік педагог” атағын беру |
Үздік педагог” атағын беру конкурсына қатысуға арналған
ӨТІНІМ
Мені конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:
1. | Жұмыс орны | |
2. | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | |
3. | Туған күні, айы, жылы | |
4. | Лауазымы | |
5. | Педагогикалық өтілі | |
6. | Лауазымдығы жұмыс өтілі | |
7. | Білімі (қандай оқу орнын, факультеті, қай жылы бітірді | |
8. | Біліктілік санаты | |
9. | Индексі көрсетілген үйінің мекенжайы | |
10. | Жеке куәлігінің деректері (нөмірі, қашан және кім берді, ЖСН) | |
11. | Байланыс телефоны (үй, ұялы), электронды поштасы | |
12. | Марапаттау, көтермелеу | Жүктеу |
Қосымша: конкурсқа қатысу құжаттары _____ парақ.
Өтінімнің толтырылған күні_______________________________
Конкурсқа қатысушының жеке қолы______________________
Білім беру ұйымы басшысының қолы_______________
29.08.2022 жыл
“Үздік педагог” атағын беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 23.04.2020 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жалпы ережелер
1. Осы “Үздік педагог” атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) “Білім туралы” 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8-6) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарының педагогтеріне “Үздік педагог” атағын беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Конкурстық комиссия – аудандық (қалалық), облыстық деңгейде Конкурстың аталған кезеңінің жеңімпазын айқындау және Конкурстың келесі кезеңдеріне қатысу үшін ұсыным ұсыну үшін құрылатын комиссия (бұдан әрі – Комиссия).
2) Конкурсқа қатысушы – осы Қағидаларға сәйкес Конкурсқа қатысуға құжаттарын ұсынған білім беру ұйымының штаттағы педагогі;
3) педагог портфолиосы – педагогтің білім беру қызметіндегі жеке кәсіби жетістіктері, оқушыларының оқуы мен тәрбиесі және дамуының нәтижелері, педагогтің белгілі бір уақыт аралығындағы білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі ұсынылған жеке папкасы;
4) Республикалық конкурстық комиссия – Конкурс жеңімпазын айқындау және оған “Үздік педагог” атағын беру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі құратын комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия);
5) сыйақы – Конкурста жеңіске жеткен білім беру ұйымының педагогіне қайтарымсыз берілетін ақша;
6) эссе – ұсынылған тақырып бойынша жеке әсерді, идеяларды білдіретін шағын көлемді ойлар, шығарма.
“Үздік педагог” атағын беру тәртібі
3. “Үздік педагог” атағы білім беру ұйымдарының педагогтеріне жыл сайын конкурстық негізде беріледі.
4. “Үздік педагог” атағы бір адамға он жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.
Конкурсқа мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін білім беру ұйымдарының педагогтері қатысады:
білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері болып табылатын;
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар.
5. Эссе тақырыбын көрсете отырып, Конкурс өткізу туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Конкурстың I кезеңін өткізу басталғанға дейін бір ай бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, сондай-ақ Министрліктің интернет-ресурсына орналастырады.
6. Конкурс жыл сайын үш кезеңде өткізіледі.