Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі
Егер сіз жемқорлыққа тап бослаңыз осы нөмірге хабарласыңыз
Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі

Сайрам ауданының «Үздік педагогы » 2021 анықталды

«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 23.04.2020 жылғы жаңа редакциясына сәйкес «Үздік педагог» конкурсының бірінші аудандық кезеңі 26 сәуір күні өткізілді. Конкурсқа 8 педагог онлайн құжаттарын тапсырды. Ережеге сәйкес барлық қатысушылардың үзіліссіз педагогикалық өтілі бес жылдан артық және соңғы он жыл көлемінде ешбірі «Үздік педагог» конкурсына қатыспаған. Онлайн конкурстық комиссия құрамы 15 мүшеден құрылды және оның құрамында 2019 республикалық «Үздік педагог» атағының иегері Ш.Уәлиханов атындағы ЖОМ мектебінің мұғалімі А.Рустемова мен 2020 жылғы Түркістан облысының «Үздік педагог»-ы К.Тіленшин атындағы ЖОМ-ң мұғалімі Ф.Жасыбаева, «Мәртөбе» газетінің тілшісі Н.Төремұратов, облыстық әдістемелік орталық әдіскері Ж.Жолдасбекова, кәсіподақ жетекшілері Г.Тлеубердиева мен М.Сейдалиевалар және аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мамандары болды.

Комиссия тапсырылған құжаттармен қатар электронды тасымалдағыштағы жазылған оқу сабақтары мен мұғалім портфолиосын, Білім және ғылым министрі бекіткен төрт тақырыпта жазылған эссе мен «Менің жүрегімдегі мектеп» тақырыбындағы бейнероликтерін қарап , бұйрықтың қосымшасында берілген қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшемшарттарына сәйкес бағалады.

Комиссия мүшелерінің қорытынды жиынтық бағалалары мен комиссия мүшелері пікірлері негізінде басым дауыспен К.Тіленшин атындағы ЖОМ-ң мұғалімі Д.Залиева Сайрам ауданының «Үздік педагогы» атағына лайық деп танылып, конкурстың екінші облыстық кезеңіне қатысуға жіберілді.Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы К.Шадиева ханым Д.Залиеваға ауданның «Үздік педагог» атағын растайтын куәлігін табыстады.

Ережеге сәйкес екінші кезең жеңімпазына облыстың «Үздік педагог» атағы беріліп, «Педагог мәртебесі» заңына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінде сыйақы төленеді.Республикалық үшінші кезең жеңімпазына «Үздік педагог» атағы куәлігі мен төсбелгі беріліп, айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінде сыйақы төленеді

Д.Залиева 2006 жылы облыста «Жылдың үздік Ұстазы» атанды және облыстың үздік ұстазы ретінде республикалық марапаттау салтанатына қатысып «Алтын қыран» белгісі мен дипломмен марапатталды. Педагогикалық өтілі 27 жыл, білімі мен тәжірибесі толыққан Д.Залиеваның тағы да облыс пен республиканы бағындыратына сенім білдіріп, «Үздік педагог» атағын алуымен құттықтай отырып, алдағы екі кезеңде де жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз.