Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №5 М.Горький атындағы жалпы орта мектебінде «25-қазан Республика күні» мерекесіне орай мектеп директоры Х.М. Пазаев, ДШІЖ орынбасары Б.Т. Кадиркулов, “Өзін-өзі”басқару ұйымы және мектептің 1-4 сынып оқушыларымен “Ағаш отырғызу” акция аясында жас ағаш көшеттерін отырғызды. Мектеп табалдырығын биыл аттаған оқушылар бұл іске белсене қатысты және «Жас бүлдіршіндер аллеясы» деп атау берілді.
Акцияның мақсаты ағаш отырғызу арқылы болашақ ұрпаққа табиғат анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру.
Иә, ел мен жер — оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқақ таулары — біздің басты байлығымыз. Табиғатты қажетімізге мейлінше пайдалану мен бірге оны таза, көркем етіп сақтап қалу, бүгінгі ұрпақтың, біздің міндетіміз.