Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі
Егер сіз жемқорлыққа тап бослаңыз осы нөмірге хабарласыңыз
Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі

Бракераж комиссиясы отырысының  №1ХАТТАМАСЫ

71Қарасай бартыратындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің

Бракераж комиссиясы отырысының

 №1ХАТТАМАСЫ

Күн тәртібі:
1 Мектеп асханасының санитарлық жағдайы.
2. Тамақтандыруда әзірленген астың сапасы.
Тыңдалды:
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Байгоносов қатысушыларды мектеп асханасының жұмысы бойынша, сапалы .тамақтандыру бойынша комиссия рейдтерінің қорытындысымен таныстырды.
Тексеру мақсаты: Асхананың санитарлық жағдайы.Азық-түлік сапасын тексеру, тамақты дайындау технологиясын, асхананың тоңазытқыш-технологиялық жабдықтарын тексеру, дайын тамақтар мен азық-түліктің сақталу талаптарының орындалуын тексеру.
Бірінші мәселе бойынша: Комиссия мүшесі медицина қызметкері А.Ибраймова мектеп асханасында 2 адам жұмыс істейді, атап айтқанда 1 аспазшы, 1 аспазшының көмекшісі жұмыс жасайды деді.
Медициналық кітапша және жұмысқа жарамдылық рұқсаты асхананың барлық қызметкерлерінде бар. Асхананың санитарлық жағдайы жақсы, ылғалды жинау жұмыстары дер кезінде жүргізіледі, терезенің алды, үстелдер, стеллаждар, ыдыстар өз орнында таза, еден жуылған, асхана іші таза , тазалығы үнемі қадағалануда деді.
Жаппай оқыту қоры қаражаты есебінен аз қамтылған отбасы балалары үшін тегін тамақпен 32 оқушы қамтамасыз етілген. Адам басына бір тамақтану құны 383 теңгені құрайды. Қалған оқушыларды тамақпен қамту ата-анасының есебінен төленеді.
Екінші мәселе бойынша: К.Абдукаримова өз сөзінде асхананы жалға алушы  азық-түлік сертификаттарын ұсынды. Азық-түлік кестеге және сұранысқа байланысты әкелінеді.
Ас ішу блогында 2 тоңазытқыш бар, оларда температураны бақылауға арналған термометр орнатылған. Күн сайын аспазшы дайын тамақтың тәуліктік бақылауын іске асырады. Ас ішу блогынын өндірістік аумағында, шкафтар, стелаждар, санитарлық-техникалық жабдықтар жақсы жағдайда. Ас ішу үстелдері ыстық сумен жуғыш құралдарды қосу арқылы жуылады. Күн сайын мектеп директорымен бекітілген ас мәзірі ілінеді. Мектеп медбикесі бракераж журналына күн сайын толтырады. Шикі және дайын тамақтардың журналы бар. Асхананың санитарлы-гигиеналық жағдайы жақсы, барлық талаптар орындалатынын айтты.
Шешімі:
1.Мектеп асханасында бракераж комиссиясының санитарлық жағдайының бақылау жұмысы жалғастырылсын.
2.Ыстық тамақпен қамтамасыз ету қызметі келісімге сәйкес үнемі комиссия тарапынан бақылауда болсын.

Комиссия төрайымы: К.Анарбаева
Хатшы: М.Кишкенебаева