Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі
Егер сіз жемқорлыққа тап бослаңыз осы нөмірге хабарласыңыз
Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі

Далабазар ЖОМ – Республикада 3-ші орын

Павлодар қаласында 11 – 17 сәуір күндері өткен «Алтын доп» ұлттық мектеп лигасының 5-6 сынып қыздар арасындағы баскетболдан республикалық жарыста Түркістан облысының атынан қатысқан Далабазар ЖОМ-ң командасы бүгін жеңіспен ауылға оралды.

Бұл аталған мектептің спорт саласындағы республикалық деңгейдегі алғашқы жетістігі.Тарихқа үңілсек, мектеп 20 жыл бұрын Қарабұлақ елді мекенінде жаңа құрылыс мөлтек ауданында саманнан жасалған бір қабатты ыңғайластырған спортзалы, асханасы, акт залы жоқ ғимаратта негізгі мектеп болып ашылған болатын. Дене шынықтыру сабақтары ауа райы қолайлы кезде даладағы спорт алаңында, қыста кабинетте тек үстел ойындарын ойнаумен ғана өтетін. 2017 жылы заманауи 600 орындық жаңа мектеп құрылысы салынып, жаңа ғимаратқа көшірілді. Осы күннен бастап мектепте оқушылардың спортқа қызығушылығы артты. Түрлі спорт секциялары жұмыс жүргізе бастады. Міне, азғана уақытта діттеген нәтижеге жетті.

Бұдан басқа 5-6 сынып ұлдар командасы да облыстық «Алтын доп» ұлттық мектеп лигасының баскетболдан облыстық жарысы жеңімпазы ретінде Талдықорған қаласында 17-23 мамыр аралығында өтетін жарыста облыс намысын қорғайды.

Бүгінгі жеңіспен қайтқан оқушыларды мектебі құрметпен қарсы алып, санитарлық талаптарды сақтай отырып салтанатты шара өткізді. Оған баскетболшы қыздардың ата-аналары мен ұстаздары, сыныптастары қатысты. Шара барысында Сайрам аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысы Қ.Шадиеваның құттықтауын әдістемелік кабинет меңгерушісі Г,Нуртанова жеткізіп команда жаттықтырушылары А.Анартаев пен Т.Юлдашевқа алғыс хат тапсырды. мектеп ұжымы тарапынан оқушылар, жаттықтырушылар мен ата-аналарға алғыс хат беріліп, сыйлықтар жасады.

Команданың екі бірдей ойыншысы үздік атанып, кіші кубоктармен марапатталған.Олар: «Үздік қорғаушы»- Иоисдаулетова Рабия ;

«Үздік ойыншы» – Мавланбекова Камила.

Шара барысында 10 сынып оқушысы Ирисматова Зехро ақын М.Мақатаевтың «Болады деп арманда» атты өлеңін жатқа оқып, барша оқушыларды жігерлендірді.

Алғашқы жеңіс жалғасын табатына сенім білдірейік. Тек алға!!!!