Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі
Егер сіз жемқорлыққа тап бослаңыз осы нөмірге хабарласыңыз
Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі

ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

ҚАРАСУДА ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Сайрам ауданы Қарасу ауылында бастауыш сыныптарға арналған «М&Керейхан» SMART мектебі ашылды. Бұрынғы мейрамхана ғимаратында заманауи үлгіде жабдықталған білім ошағын ашқан жергілікті кәсіпкер – Хафиза Махамбетовна. Қазір «М & Керейхан» SMART мектебінде 100 бала қазақ, орыс тілдерінде білім алуда. Мұнда менталды арифметика, хореография, ағылшын тілі, логикалық ойлау, арт теропия және гимнастика үйірмелері жұмыс істейді. Он бес білікті маман балалармен жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда ауданымызда жалпы 79 білім беру ұйымдары болса, оның 75-і мемлекеттік және 4-і жекеменшік мектептер. Білім ошағының ашылуында аудан басшысы, Nur Otan партиясының Сайрам аудандық филиалының төрағасы Ұласбек Сәдібеков: «Мектеп – білім мен тәрбие беретін алтын ұя десек, жаңадан ашылған білім шаңырағы – тәуелсіз еліміздің дарынды жастарының алтын бесігі болары сөзсіз. Ұрпаққа сапалы білім беріп, заманға сай, әлемдік бәсекеге қабілетті, талантты жастарды дайындау – ортақ міндетіміз. Бүгін, Тәуелсіздіктің 30 жылдығында жаңа мектептер қатары тағы бір білім ошағымен толығып отырғаны – баршамыз үшін қуаныш» – дей келе мектеп ұжымының алдағы жұмыстарына табыс тіледі.