Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының 05.04.2022 жылғы №Л-488 санды хатына сәйкес Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасында Балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде, ағымдағы жылдың 15 сәуір күні №5 М. Горький атындағы жалпы орта мектебінің базасында, Ақсукент елді мекенінде орналасқан мектеп басшылықтарының ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстан‒жаңа идея» тақырыбында, Ақсукент ауылдық округі әкімі Бурбеков Әбдіманат Нұрсейітұлының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Аталмыш іс-шараның басты мақсаты: Балалар жылында балалар арасында Қазақстан үшін маңызды құндылықтарды танымал ету, балаларға елдің саяси өміріне жақындауға және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын білуге мүмкіндік беру.
Дөңгелек үстелге: Сайрам аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Мырзатаев Қанат, жастар орталығының директоры Әділхан Маратұлы, Сайрам аудандық кітапханасының директоры Сыдықова Дана, №5 М. Горький атындағы ЖОМ директоры Пазаев Хусеин Маметович, Сайрам аудандық оқушылар үйінің директордың оқу ісі бойынша орынбасары Жунусбекова Гульжан Калдыбаевна дөңгелек үстелдің құрметті қонақтары болды.
Сонымен қатар дөңгелек үстелге: №7 Бабыр атындағы ЖОМ, М. Мақатаев атындағы ЖОМ, №93 Абылайхан атындағы ЖОМ, №97 Сұраныш батыр атындағы ЖОМ, №61С.Базарбаев атындағы ЖОМ, №94 ЖОМ, №82 Бахадыр Наметов НОМ, №47 ЖОМ, №5 М. Горький атындағы ЖОМ, №20 С.Сейфуллин атындағы ЖОМ мектептерінің белсенді оқушылары және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Оқушылар қонақтармен тақырыпқа байланысты әңгіме өрбітті. Мұндай кездесулер білім ордасының оқушылары үшін тамаша мүмкіндік.