Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына сәйкес, орта білім беру ұйымдарында оқитын 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға берілетін кепілдік берілген әлеуметтік топтамада бір реттік ыстық тамақпен қамту қарастырылған. Жаңа 2021-2022 оқу жылы дәстүрлі форматта көшкен жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты жақсаруымен 1-11 сынып оқушылары қатаң санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, дәстүрлі режимге өтеді. Сол жағдайда қайта ыстық тамақпен қамту жалғасады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысында көрсетілген санаттағы балалардың ата-аналары мектеп әкімшілігіне өтініш пен қажетті құжаттарын өткізген жағдайда ыстық тамақпен қамтылатындығын хабарлайды.
Құрметті ата-аналар! Аудан әкімдігі, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі карантин жағдайда ауданда білім беру жұмысын жүйелі жүргізу мақсатында ауқымды шаралар атқаруда. Қажетті жұмыстар жасалынып, оқушылардың өз деңгейінде білім алуына жағдайлар жасалуда. Сондықтан да сіздерден әлеуметтік желілерде жарияланып жатқан түрлі тексерілмеген, жалған ақпараттарға сенбеулеріңізді сұранамыз.