#Соңғы_қоңырау.
#ЖасТүлек_2022Жаңа Қазақстанның ертеңі.
Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N11 “Манкент” жалпы орта мектебінде “Соңғы қоңырау” салтанатты іс-шарасы 2022 жылдың 24-мамыр 10:00 де бастауыш сыныптарда “Алғашқы ұстазыма алғыс!” тақырыбында және 15:00 де 6-7 сынып оқушыларына “Болашақ жастардікі!” тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. 25-мамыр күндері сағат 9:00 ” Түлек 2022-Жаңа Қазақстанның ертеңгі!” атты іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шаралар барысында мектебіміздің Құрметті педагогтары, үздік ата-аналары түрлі номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды және жыл барысында болып өткен олимпиадалар, байқаулар, конкурс жеңімпаздарын және мектепте үздік оқыған оқушыларды арнайы мадақтамалар мен марапаттап өтті.
•Мектеп бітіру іс-шараларының мақсаты: – мектеп дәстүрлерінің сабақтастығын сақтау, отансүйгіштік пен әлеуметтік жауапкершілікті, ұстаздарға, ата-аналарға, мектепшілік достарына алғыс сезімін, туған мектепке деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру.
•Міндеттері:
– қазақстандық мектеп түлектерінің имиджін арттыру;
– «Алтын белгі» және ерекше үлгідегі аттестат иелерін марапаттау арқылы білімді ұлт идеясын насихаттау;
– болашақ мамандықты таңдау мақсатында кәсіби бағдар беру жұмысын белсендіру;
– жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған түлектерге қолдау көрсету;
– мектеп бітіру іс-шараларын БАҚ-та ақпараттық қамтамасыз ету және ауқымды жариялау.