Түркістан облысы Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің 26.02.2022ж №129-01/01-12/132 хатына сәйкес
N93 Абылай хан атындағы жалпы орта мектебінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа іс қимыл агенттігінің ( сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің 22.02.2022 жылғы №17/1-09-728 санды хатына көрсетілген мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың 2-ақпандағы №802 жарлығымен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы бекітілгенін құндылықтар енгізілгені туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тұжырымдамада сыбайлас жемқорлықпен күресуге ауқымды шаралар қарастырылған. Конвенцияның басты жаңалығы-негізсіз баюға жауапкершілік енгізу, шетелдегі активтерді қайтару, заңды органдардың жемқорлық үшін жауапкершілігін арттыру және адалдыққа баулу болып саналатындығы туралы айтылды. Тұжырымдаманың негізгі бөлімдерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді.