Түркістан облысы Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №18 Әбдібай Құрмантаев атындағы жалпы орта мектебінде Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің 20.04.2022 жылғы шығыс №229-11/01-09/1102 санды және Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының 19.04.2022 жылғы шығыс №41-04-02/1742 санды хатында көрсетілген сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның әр түрлі көріністерін болдырмау мақсатында 2022 жыл 21 сәуір күні мектеп әкімшілігі тарапынан мектеп бітіруші 11 сынып оқушыларының ата-аналарынан мұғалімдерге сыйлық алу, видео таспаға түсіру, іс-шараны безендіру үшін шар алу баннер жасату және тағы да басқа заттар сатып алуға ақша жинау фактілерін алдын алу және болдырмау мақсатында мұғалімдер мен ата-аналар қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында хат мазмұны мен таныстырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.