Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі
Егер сіз жемқорлыққа тап бослаңыз осы нөмірге хабарласыңыз
Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі

# Тәрбие_саласы
# Балалар_жылы
# «Жасөспірімдер мен жастар арасында теріс ағымдардың_ықпалын_алдын_алу»

2022 жылғы 29 қыркүйек күні Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында орналасқан №77 Тұран жалпы орта мектебінде мектеп оқушыларына арналған кездесу болып өтті.
Түркістан облысы «Дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің №43-03-03/423 санды хаты, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаевтың 08.09.2022 жылғы №20/01-10/1738 санды хаты мен ҚР Ұлттық Қауіпсздік комитетінің Сайрам аудандық бөлімінің хаттарына сәйкес, №77 Тұран жалпы орта мектебінде «Жасөспірімдер мен жастар арасында теріс ағымдардың ықпалын алдын алу» тақырыбында Түркістан облысы Діни істері басқармасы теологы Тағай Айбек Жолдасбекұлы мен 8-9-10-11-сынып оқушылары арасында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Түркістан облысы Діни істері басқармасы Теологы Тағай Айбек Жолдасбекұлы мектеп оқушылардың жасерекшелігіне сай, теріс діни ағымдар әсерінен абай болу жолдарын түсіндірді. Білім алушылармен өткізілген ашық сұхбатта төмендегілерді мәлімдеді:
Дін – мемлекеттің негізін құраушы басты фактордың бірі болғандықтан, ол елдегі ішкі тұрақтылықтың кепілі. Ауызбірлік, елжандылық, бейбітшілік пен тыныштықтың басты мұраты.
Бүгінгі күні дін ұлттың жəне мəдени біртектілікті сақтаудың негізіне айналып отыр. Алайда дін атын жамылып, ақ отау ішінен отау тіккен жаулар халықты түрлі сенімге бөліп, өз мүдделерінің үдесінен шықпақ ниетті жат ағымдардың еліміз ұстанып отырған ішкі, сыртқы бірлігіне сызат түсіріп отырғаны алаңдатады.
Елдің, ұлттың, халықтың тұтастығын сақтап қалу үшін, өздерін ғана ақылды санайтын, дін үйретушілерден барынша сақтану қажет. Жат ағымдар таратқан ақпараттардан дәстүрлі діни нанымдарымыз бен салтымызға сіңген діни көзқарасымызға мүлдем кереғар көзқарас, ұстанымдар шыға бастады. Бұл өз кезегінде ұлттық құндылықтарымызға да өзінің кері әсерін тигізуде.
Ислам терминологиясында «ас-Салаф ас-Солих» деген термин бар. Бұл туралы ислам энциклопедиясынан көре аласыз. Дәстүрлі емес діни ағымның ықпалына түскен азаматтардың тұлғасындағы айқындалған өзгерістері
 Сөздеріндегі өзгерістер,
 Атын өзгерту,
 Киімдерін өзгерту,
 Музыкадан бас тарту,
 Намаздағы өзгерістер,
 Мінездегі өзгеріс,
 Джиһад,
 Оқитын мәшһүр әдебиеттері мен тыңдайтын мәшһүр ұстаздары,
 Ақпараттық алаңының өзгеруі болып табылады.

Кездесуде пікір алмасу, сұрақ-жауаптар өткізілді. Ашық әңгіме соңында қатысушылардан кері байланыс алынды. Оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, дін тұралы түсініктері шыңдалғанын, өмірдегі дұрыс жол мен бұрыс жолды ажырата бастағанын баяндады.