– Аудан мектептердегі педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және әлеуметтік талдаушылардың жұмыстарын үйлестіреді, жетекшілік жасайды және әдістемелік көмек көрсетеді, қадағалайды;
– Аудан көлемінде психологияны практикалық қолдану мәселелері жөнінде педагог-психологтарға кеңес береді, педагог-психологтардың, ата-аналардың әлеуметтік психологиялық құзыретін арттыруға жәрдем етеді;
– Білім беру ұйымдарында педагог психологтардың п с и х о д и а г н о с т и к а л ы қ, к о н с у л ь т а ц и я л ы қ, ағартушылық-профилактикалық, т ү з е т у – д а м ы т у ш ы л ы қ, ә л е у м е т т і к – д и с п е т ч е р л і к б а ғ ы т т а р бойынша жұмыстарын жүргізу, ұйымдастыру, қадағалау;
– Аудан көлемінде білім алушылардың психикалық және әлеуметтік амандығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметін ұйымдастырады;
– Аудан көлемінде әлеуметтік дизадаптацияның пайда болуын, алдын алу іс-шараларын жүзеге асырады, психологиялық көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды (психокоррекциялық сауықтыру және консультациялық);
– Аудан көлемінде білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетуді жүзеге асырады, өмірлік және кәсіптік тағдырын өзі шешуінде де әр түрлі жағдайларда бағдарлануға олардың дайын болуын дамытуға жәрдем береді;
– Аудан көлемінде білім алушылардың жеке тұлғасы мен әлеуметтік мәселелерін шешуге педагогикалық ұжымын бағдарлау мақсатында психология-педагогикалық қорытынды шығарады және оны талдайды;
– Аудан көлемінде білім алушылардың жеке және жас ересектерін есепке ала отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады;