№6 негізгі орта мектеп -интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
№6 негізгі орта мектеп –интернатының мекен жайы – Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Манкент ауылы, Жалал ата көшесі 1/8
Мектеп ғимараты 1959 жылы салынған, жалпы ауданы 4360 шаршы метр, жобалық қуаттылығы адам 180.
оқушылар саны:
Жалпы 156
0 – сыныпта –
1-4 сыныпта –76
5-9 сыныпта- 80
10-11 сыныпта –
қызметкерлер саны:
52 – мұғалім;
40 – техник қызметші жұмыс атқарады.
Мектеп ұстаздарының сапалық құрамы:
1 педагог шебер
2 мұғалім педагог зерттеуші,
8 мұғалім педагог сарапшы,
8 мұғалім педагог-модератор,
0 мұғалім жоғары санатты,
0 мұғалім І санатты,
10 мұғалім ІІ санатты
26 мұғалім санатсыз жұмыс атқарады.
Техникалық қоры:
12 оқу кабинеті;
90 орындық асхана;
1 Медицина кабинеті;
1 информатика кабинеті орналасқан;
Кітапхана туралы
Кітапхана ауданы – 85кв.м
Оқу залы – 10 орын
Жалпы кітапхана қоры – 9426
Оқырман саны – 150
МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ
- Мектеп директоры: Алиев Нодир Рамазанович
- Орынбасарлар:оқү ісі жөніндегі орынбасары – Нарметова Сахобат Мамуржанована
- Инновация істері бойынша директор орынбасары – Абдимавланова Гульчехра Халмурадовна
- Тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары-Халмето
- ва Гульнара Каланбековна
Мектеп директоры
Алиев Нодир Рамазанович
1 қыркүйек "Білім күні"
"Жолда жүру ережесін сақтайық"
"Жолда жүру ережесін сақтайық" тақырыбында мектеп оқушыларына жолда жүру ережелері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
This is Modal Title
This is Modal Title
Хаттама №2
Қамқоршылық кеңес отырысы
№ 6 негізгі орта мектеп-интернат
Манкент ауылы «29» қазан 2021 жыл
Қатысқандар: мектеп әкімшілігі,қамқоршылық кеңес мүшелері.
Күн тәртібінде
- Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің 21.10.2021 жылғы №254 бұйрығы және ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында және оны сайлау туралы» №355 бұйрығының 6 тармағына сәйкес қамқоршылық кеңесінің құрам мүшелерін сайлау.
- Тыңдалды:Мектеп директоры Н. Алиев жиналысқа қатысушыларды жоғарыдан келген хаттар және хаттамалар мен таныстырып, мектепте 2021-2022 оқу жылына «қамқоршылық кеңес» құруда өзгерістер енгізіліп оның комиссия мүшелерін қайта сайлау керек екендігіне тоқталды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №355 бұйрығы басшылыққа алынатынын айтты. Жиналыста қамқоршылық кеңестің атқаратын жұмыстарына және өзгерістерге байланысты жұмыстар атқарылуы туралы айтып өтті. Жаңа оқу жылына мектепке демеушілер тарпынан 56 парта істелді, психология бөлмесі жаңадан құрылып мектеп психологіне тапсырылды.
- Осы мәселе бойынша мектеп директоры сөзге шығып жоғарыдағы мәселе басшылыққа алынатын жоғары деңгейде орындалуын айтып өз сөзінің соңында ұсынысын айтты. «Қамқоршылық кеңестің» төрағасы лауазымыға Манкент ауылы Төбе биі Шавкат Эргашевты қамқоршылық кеңесі төрағасы болуын ұсынды. Жиналыс барысында төраға сайлау үшін дауыс беру арқылы өткізілді. Үміткерлердің барлығы аты –жөні атап өтілді. Әрі қарай қамқоршылық кеңес төрағасы жиналысты жалғастырды.Жиналыста қамқоршылық кеңес төрағасы орынбасарын сайлаудыда айтып өтті. Қамқоршылық кеңесінің орынбасары етіп ата-аналар комитетінің төрағасы Бахтияр Эргешев тағайындалды.
Жиналыста амқоршылық кеңесінің төрағасы мүшелермен таныстырып өтді:
1.Жумабек Қатира Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері.
2.Саипов Қахраман СПМСП фельдшері.
- Торакулов Алишер Аудан қорғаныс бөлімі қорғаныс инспекторы.
- Юлдашев Хаят «Хаят-стом» дәрігері.
- Нарметов Тожимат №47 ЖОМ директордың шаруа қожалығы бойынша орынбасары.
- Кенжабаев Хусниддин «Манкент ӨК іс-жүргізуші».
- Нуралиев Рахматали жеке кәсіпкер.
- Сайдижаббаров Равшан хатшы.
Қаулы:
- 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрық басшылыққа алынсын. «Қамқоршылық кеңесі» төрағасы етіп Ш. Эргашев, орынбасары Б. Эргешев, төменде айтып өтілген мүшелер тағайындалсын. Кеңес мүшелеріне : Жумабек Қатира, Саипов Қахраман,Торакулов Алишер, Юлдашев Хаят, Нарметов Тожимат, Кенжабаев Хусниддин, Нуралиев Рахматали, Сайдижаббаров Равшан хатшы етіп сайлансын.
- Жалпы қамқоршылық кеңес қызметінің жұмыстарын жүргізілуі, бұйрықтың орындалуы кеңес мүшелеріне, жұмыстың атқарылуын бақылау мектептің ДТІЖО Р. Калбаеваға жүктелсін.
Жиналыс төрағасы: Ш. Эргашев.
Хатшы: Р. Сайдижаббаров.
«29» қазан 2021 жыл
This is Modal Title
N6 негізгі орта мектеп - интернатында 8-9 сыныптар арасында Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы және олардың құқықтарын қорғау мәселесі" тақырыбында баяндама оқылып, видеоролик көрсетіліп түсіндіру жұмыстар жүргізілді.
15 қыркүек 2021
This is Modal Title
Түркістан облысы, Сайрам ауданы №6 негізгі орта мектеп - интернатында 1-9 сыныптар арасында Болашаққа бағдар "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Республикалық сынып сағаттары жеке-жеке өз сыныптарында санитарлық талаптарды сақтай отырып Елбасымыздың "Болашаққа бағдар" "Рухани жаңғыру" аясында 6 арнайы жобасын 6 сынып оқушыларына тарих пәні мұғалімі А.Бекенов сынып сағаты өткізді.
15 қыркүек 2021
Мектеп Президенті сайлауы.
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N6негізгі орта мектеп- интернат коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 14.09.2021ж күні "Өзін- өзі" басқару ұйымына өтінімдер қабылданып 17.09.2021ж күні мектеп Президентіне сайлау болып өтті. Сайлау нәтижесі бойынша 96%дауыс жинаған 9-сынып оқушысы Ташметов Шохрух мектеп Президенті болып тағайындалды.Ал Премьер министрі 9-сынып оқушысы Эгамбердиев Жавохир. Білім министрі 9-сынып оқушысы Мусаметова Махида. Тәрбие министрі 9-сынып оқушысы Артукметова Азиза тағайындалды.
17 қыркүйек 2021
Қамқоршылық кеңесінің есебі 2021-2022 оқу жылы
Қамқоршылық кеңесінің жылдық есебі 2021-2022 оқу жылы
Хаттама №4
№ 6 негізгі орта мектеп-интернатының
Қамқоршылық кеңесінің есебі
2021-2022 оқу жылы
Қамқоршылық кеңесі білім мекемесінің оқу-тәрбие үдерісін жаңдандыру, Даму бағдарламасының орындалуын, материалды-техникалық, инлектуалдық, ақпараттық қайрымдылық көмек көрсету, қаржыландыру, кеңес білім мекемесінде сапалы, нәтижелі білім , тәрбие беру кезеңінде жағдайын жақсарту, сонымен қатар білім мекемесінің ішкі, сыртқы аумағын көркейтуді қаржыландыру мақсатында № 6 негізгі орта мектеп –интернат КММ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 9 бабының 44 тармағында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 27.07.2017 жылғы №355 бұйрығы мен білім мекемесінің жарғымына сәйкес өзін-өзі басқару жобасын, болашақта даму және білім мекемесі қызметін бюджеттен тыс қаржыландыру ресурстарын қамтамасыз ету үшін мектепте қыркүйек айынын бастап Қамқоршылық кеңесі құрылды. Қамқоршылық кеңес құрамына әлеуметтік серіктестерінің өкілдері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және ата-аналар мен педагогикалық кеңес өкілдері, қайрымдылық көрсететін жеке тұлғалар мен демеушілер кіреді және еріктілер мүшелік етеді. Кеңес мүшелерінің дәрежелері тең. Мектепте «Қамқоршылық кеңесін құру туралы» мектеп директорының № 83 бұйрығы шығарылып, мектеп басшысымен Қамқоршылық кеңестің жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде жаңартылған жұмыс тобы бекітілді. Қамқоршылық кеңес құрамына әлеуметтік серіктестіктерінің өкілдері, қоғамдық ұйымдарының өкілдері және ата-аналар , қайрымдылық көрсететіен жеке тұлғалар мен демеушілер кіреді.
Қамқоршылық кеңестің төрағасы Ш. Эргашев кеңестің 2021-2022 оқу жылында атқарылатын жұмыстары талқыланды.
Кеңестің құрамы:
- Эргашев Шавкат - қамқоршылық кеңесінің төрағасы
- Эргешев Бахтиер - мектепте ата-аналар комитетінің төрағасы
- Тажибаев Исломбек - Жеке кәсіпкер
- Саипов Қахраман - СПМСП
- Торақулов Алишер - Аудан, қорғаныс бөлімі,қорғаныс инспекторы
- Юлдашев Хаят - «Хаят -стом»
- Нарметов Тожимат - №47 жалпы орта мектебі директорының ш /қ бойынша орынбасары
- Кенжабаев Хусниддин - «Манкент» ӨК іс-жүргізуші
- Нуралиев Рахматали - Жеке кәсіпкер
- Сайдижаббаров Равшан - Хатшы
Мектептегі Қамқоршылық кеңесінің құрамын оларды дамыту стратегиялық мақсаты мен міндеттерін айқындайтын, сенім ашықтық , еріктілік және алқалық қағидалар мен жұмыс істейтін мектептің басқарудың қоғамдық органы , жоғарыда қамқоршылық кеңесі басты басқару органы болып табылады.
Қамқоршылық кеңесі тарапынан
көрсетілген жәрдем
- Оқушылар үшін -58 парта
- Куллер -2 дана
- Кір жуу машиналарын жөндеу-220.000 тг
- Мектептегі моншаны есік, терезелерін ауыстыру
- Қол жуғыш (умивальник)-10 дана
- Асфальт -130 м
- Ұл балалар аяқ киім -94
- Күртке-10
Мектеп директоры Н. Алиев 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы сөзге шықты. 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы айтып өтсем. Өткен жылға қарағанда биылғы оқу жылында жетістіктеріміз көп болды. Үздік оқушыларымыз саны 20 болды. Жыл барысында пәндер бойынша апталықтар өткізілді. Мұғалімдеріміз ашық сабақтар ұйымдастырды. Білім көрсеткішіміз 50 % құрады. 22 сәуір Аксукент ауылында Мәдениет үйінде Бұран бел фестивалында мектебіміздің Шаңырақ би тобының бишілері белсенді қатысып диплом және сыйлықпен марапатталды.Ұлттық мектеп лигасы байқауында дене шынықтыру пәні мұғалімі Абдирасулов Илхом қатысып мадақтама мен марапатталды . Ұлттық мектеп лигасы байқауында қыздар командасы қатысып жүлделі 2- орынға ие болып мадақтама алды. 5сәуір күні Тұлпар мініп , ту алған атты облыстық өнер фестиваль боліп өтті.Мектебіміздің оқушылары белсенді қатысты.
- Мектеп құрылған жылы - 1954 жыл
- Жалпы қызметшілер саны - 92
- Мұғалімдер саны - 27
- Тәрбиешілер саны - 22
Санаттар:
- Педагог мастер - 1
- Педагог зерттеуші - 2
- Педагог сарапшы - 8
- Педагог модератор - 7
- Педагог санаты бар мұғалім - 9
- Барлық сағат саны - 354
Мектептің әлеуметтік паспорты (куәлігі)
- Оқушылар саны -156
- Отбасы саны -112
- Көп балалы отбасы-30
- Көп балалы отбасынан шыққан балалар-40
- Бір отбасынан шыққан балалар-74
- Жартылай жетім-8
- Ажырасқандар -33
- Форма №4 -23
- Үй жалдап туратын отбасы-46
- Үй жалдап туратын оқушылар -59
- Ұл балалар -93
- Қыз балалар-63
Мектептегі аз қамтамасыз етілген отбасыдан шыққан барлық 156 оқушы
ыстық тамақпен қамтылған. Мектепте білім алушылар жіберген негізгі пәндер бойынша білімдегі оқылықтардың орнын толтыру үшін жазғы мектепті ұйымдастыру мақсатында ата-аналардың өтініші бойынша барлық ниет білдірген білім алушылар үшін 26 мамыр мен 17 маусым аралығында жазғы мектеп ұйымдастырылған. 09.08.2022 жыл С.А.Ә.Д.Б. тарапынан 156 оқушына «Болашақ» лагеріне жолдама берілген.
Қорыта келе биылғы оқу жылына жоспарланған шаралар толық орындалды.
Шешім:
- Қамқорлық кеңестің төрағасы Ш. Эргашевтің 2021-2022 оқу жылындағы қамқоршылық кеңестің есебі қанағаттанарлық деп табылсын.
- 2021-2022 оқу жылында мектептің негізгі бағыттары бойынша дамуы туралы қортынды және 2021-2022 оқу жылындағы білім сапасы қанағаттанарлық деп табылсын.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Ш. Эргашев
Қамқоршылық кеңесінің хатшысы: Р. Сайдижаббаров
«Қамқоршылық кеңес» отырысының ХАТТАМАСЫ №1 2022-2023 оқу жылы
№ 6 негізгі орта мектеп –интернат КММ
«Қамқоршылық кеңес» отырысының
ХАТТАМАСЫ №1
Өтілген күні:17.07.22 ж.
Қатысқандар:мектеп әкімшілігі, ата-аналар, жергілікті мекеме қызметкерлері
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
- «Қамқоршылық кеңестің» ережесімен, мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру
- «Қамқоршылық кеңестің» төрағасын сайлау
- Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету.
- Тыңдалды: 1-мәселе
Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша мектеп директоры Н. Алиев сөз алып, жиналысқа қатысушыларды "Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылымминистрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ереже мен таныстырып өтті. (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 123 бұйрығы) Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестік ,бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылатындығын айта келіп, міндеттеріне тоқталды. 1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады 2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;
3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;
4) Қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді; 5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды; 6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді; 7)Тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді; Мектеп директоры қамқоршылық кеңестің қосымша бюджеттен тыс қаржыларды тарту және жұмсау түрлері мен тәртібіне, Қамқоршылық кеңесінің құқықтары мен міндеттеріне, оның қағидаларына , сонымен қатар кеңестің құрамына тоқталып өтті. 1. Тыңдалды: 2-мәселе 2. ә) Сөйледі: Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша сөз алған ата-аналар комитетінің төрағасы .Б.Эргешев Қамқоршылық кеңес құрамына кімдер ену керектігіне, олардың функционалдық міндеттеріне тоқталып өтті. Жиналысқа қатысушылардың ортақ ұсынысымен төмендегі тұлғалар Қамқоршылық кеңестің мүшесі болуға ұсынылды. Қамқоршылық кеңес төрағасы: 1.Ш.Эргашев орынбасары 2.Б. Эргешев Хатшы: Р. Сайдижаббаров Қамқоршылық кеңестің мүшелері: 3.Б. Анарметов 4 Қ.Саипов 5. А. Торакулов 6 Х.Юлдашев 7.Т. Нарметов 8.Х. Кенжабаев 9. Ш. Давлетов , қамқоршылық кеңес мүшелері ашық түрде бір ауызбен Ш. Эргашевті сайлады. Б) Үшінші сұрақ бойынша мектеп әлеуметтік педагогы Р.Сайдижаббаров сөз сөйледі. Өз сөзінде жалпы биылғы оқу жылында мектебімізде ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Және де ол оқушылардың негізгі құрамы әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылар, күн көріс деңгейі төмен отбасыларда тәрбиеленетін оқушаларды құрайтының айтты. Сонымен қатар ыстық тамақтың сапалық құрамын тексеретін бракераждық комиссия жұмыс жасайды
Шешімі:
- Қамқоршылық кеңестің ережесіне сәйкес № 6 негізгі орта мектеп интернат коммуналдық мемлекеттік мекемесінде құрылған кеңестің жұмысы жандандырылсын.
2.Қамқоршылық кеңес құрамына ұсынылған тұлғалар кеңес мүшелігіне сайлансын.
3.Жоғарыда көрсетілген аз қамтамасыз етілген оқушыларды ыстық тамақпен толық қамтамасыз етуді қадағалау.
Қамқоршылық кеңес төрағасы: Ш. Эргашев
Хатшы: Р. Сайдижаббаров