Жалпыға міндетті білім қорынан көрсетілетін көмек
2022 жылға мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында білім алатын әлеуметтік осал топтардың балаларына, яғни Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N64 Қаулысы өзгеріске енуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға, білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын балаларға мектеп формасымен және мектеп құралдарымен қамтамасыз ету үшін қаржы қарастырылған.
Жоғарыда аталған ҚР Үкіметінің 64 қаулының 4-тармағына сәйкес Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың не кәмелетке толған білім алушының өтініші негізінде бөлінеді.
Өтінішке растайтын құжаттар:
1) осы Қағидалардың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар санаты үшін отбасыларда тәрбиеленетін жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
Осы Қағидалардың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың санатын отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру қорытындысы негізінде білім беру ұйымының алқалы органы анықтайды.
Экономикалық есептеулер бойынша әр балаға мектеп формасына 35 275 теңге белгіленді. Сайрам ауданы бойынша 5391 оқушыға беріледі. Аталған қаржы ата-аналардың есеп шотына өтініштері негізінде аударылатын болады. Өтініштер мектеп директорлардың атына жазылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 31 тамызға дейін жалғасады.