Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің 2022-2023 жылдық жоспары сәйкес №5 М.Горький атындағы жалпы орта мектебінде 2022 жылдың қараша айының 14-18 күндері аралығында өткізілген «Ынтымақтастық, бірлік мақсатқа жетелейді» атты психология апталығының ашылуы болып өтті.
Апталықтың мақсаты: – Білім алушыларға зорлық -зомбылық туралы қысқаша ақпарат беру, адамның ең жаман қасиеттерінің бірі екенін айту.
– Білім алушыларға адамның құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы қысқаша мағлұмат беру, пікір алмасу.
-Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.
– Әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру.
– Жасөспірімдердің өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, өз мүмкіндіктерін анықтап, қоғаммен және өзара қарым-қатынасындағы жарасымды мінез ерекшеліктері мен сенімді мінез-құлықтарын қалыптастыру.
– Кедергілерді сезіне біле отырып, оларды болдырмау жолдарын үйрету.
– Мектеп пен ата-аналардың тығыз байланысына ықпал ету.
Орындаған мектеп педагог-психологтары: Ю.Ш.Маккамбаева., Г.Р.Мавланова.