Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жоспары мен бұйрығына сәйкес “Жас туристер станциясы” КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Тәуелсіз Елдің Ұландары” тақырыбында мектеп оқушылары арасында аудандық туристік-спорттық жарыс өткізді.
Жарыс 9 желтоқсан күні Сайрам ауданының орталық саябағында өткізілді. Іс-шараға 15 мектеп қатысты. Ережеге сәйкес жарыс қатысушылары “Асылмалы өткел”, “Тік маятник”, “Параллель асылмалы өткел”, “Траверс”, “Топографиялық белгілерді анықтау” кезеңдері бойынша өзара сайысты. Тартысты өткен жарыста станцияның қосымша білім беру педагогтары төрешілік етті. 2 жарым сағатқа созылған жарыс қорытындысы бойынша №47 жалпы орта мектебінің “Бүркіт” тобы бас жүлдені иеленді. 1 -орынға №18 Ә.Құрмантаев атындағы жалпы орта мектебінің “Арлан” тобы шықты. 2-орынды №64 Ш.Рашидов атындағы жалпы орта мектебінен келген “Бірлік” тобы қанжығасына байласа, 3-орынды №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының “Сұңқар” тобы иеленді. Жеңімпаз топтар аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің мақтау қағазымен және станцияның дайындаған бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Сонымен қатар жарыс кезеңдерінде шапшаңдығымен көзге түскен белсенді оқушылар аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.
#Тәуелсіздікке 30 жыл