№74 жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры
Игенбаева Динара Маратовна
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!
№74 жалпы орта мектебінің мекен жайы -Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылы, Жаңақұрылыс көшесі №1А ғим..
Мектеп ғимараты 2017 жылы салынған, жалпы ауданы 6598,1 шаршы метр, жобалық қуаттылығы 600 адам.
оқушылар саны:
Жалпы 847
0 – сыныпта - 75
1-4 сыныпта –310
5-9 сыныпта - 342
10-11 сыныпта - 120
қызметкерлер саны:
78 – мұғалім;
20 техник қызметші жұмыс атқарады.
Мектеп ұстаздарының сапалық құрамы:
15 мұғалім педагог зерттеуші,
8 мұғалім педагог сарапшы,
26 мұғалім педагог-модератор,
1 мұғалім жоғары санатты,
5 мұғалім ІІ санатты
23 мұғалім санатсыз жұмыс атқарады.
Техникалық қоры:
19 оқу кабинеті;
202 орындық асхана;
1 Физика кабинеті;
1 Биология кабинеті;
1 Медицина кабинеті;
4 информатика кабинеті;
1 АӘД кабинеттері орналасқан;
Кітапхана туралы
Кітапхана ауданы – 62,4
Оқу залы - 12 орын
Жалпы кітап қорындағы кітаптар саны – 12836
Оқырман саны - 533
МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ
-Мектеп директоры Игенбаева Динара Маратовна
- ДОІЖО Бектасова Эльвира Кульчимбековна - 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады
Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті
Жалпы пед.өтілі: 27 жыл
- ДОІЖО Момынова Динара Мухтаровна - 2019 жылдың ақпан айынан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады
Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті
Жалпы пед.өтілі: 25 жыл
- ДБІЖО Айтенова Нуржамал Имамкуловна – 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады
Пәні: ағылшын тілі мұғалімі
Жалпы пед.өтілі: 8 жыл
-ДТІЖО Сейтқазы Балайша Елтайқызы – 2019 жылдың сәуір айынан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады
Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті
Жалпы пед.өтілі: 18 жыл
-ДТІЖО Борикулова Нургуль Молдасейтовна - 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады
Пәні: көркем еңбек мұғалімі
Жалпы пед.өтілі: 11жыл
Сабақ кестесі
This is Modal Title
№ 74 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қамқоршылық кеңес мәжілісінің
ХАТТАМАСЫ
Қарасу ауылы «15» 09.20201 ж
Жиналыс төрағасы: Б.Жамалбеков
Жиналыс хатшысы: А.Елтай №74 жалпы орта мектебінің әлеуметтік педагог, комиссия хатшысы
Қатысқандар: №74 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қамқоршылық кеңес мүшелері (тізім бойынша) және мектеп әкімшілігі.
Күн тәртібінде:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысының 1- тарау 1- тармағына сәйкес мектепте білім алатын төмендегі санаттағы балалардың ата-аналарынан түскен өтініштер бойынша жалпыға міндетті оқу ыстық тамақ түрде көмек беру туралы.
Игенбаева Динара, Елтай Алтынай
(мектеп директоры, әлеуметтік педагог)
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектептің әлеуметтік педагогы Адамбекова Гүлзираш Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпандағы №255 «Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан оқушылар мен әлеуметтік қорғансыз қалған оқушыларға бөлінген қаржы шығысынан қаржылай және материалдық көмек көрсету жөніндегі ережені бекіту туралы» қаулысы негізінде мектеп әкімшілігі өз отырысында оқушылардың жағдайына қарай отырып,тегін ыстық тамақты кімге берілетінін шешу керек екенін айтып өтті.Осы кеңесте бірінші болып сөз алған Э.Бектасова оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамту жөнінде сөз сөйледі. Ол 2021 жылы қыркүйек айында ата-аналар тарапынан 105 өтініш түскендігін айтып өтті.Оның ішінде қамқоршылықта 1 оқушы. Әлеуметтік педагог А. Елтай сөз сөйлеп жартылай жетім және ата-анасы Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жан басына шаққанда күнкөріс деңгейі төмен отбасы ретінде «Әлеуметтік карта мониторингі базасында »тіркелгенін айтып өтті. Үшінші әртүрлі мәселелер айтылды.
Сөз алғандар:
Әлеуметтік педагог: А.Елтай ата-аналардың өтініштерін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысымен бекітілген қағида талаптарының 4- тармағында көрсетілген дәлелді құжаттарын қарауды және кеңес мүшелеріне ата-аналардың ыстық тамақ ретінде көмек алуына қарсы еместігі бойынша өз пікірін білдірді.
Қамқоршылық кеңес мүшелері ата-аналардың өтініштерін қарай келе қамқоршылық кеңестің шешімін ашық дауыс беру арқылы қабылдауды ұсынып, төмендегі шешім қабылданды.
Комиссия шешімі:
- Мектепте білім алатын жалпы 46 отбасының 105 білім алушы үшін өтініш қанағаттандырылып, жалпыға міндетті оқу қорынан әрбір бала 1 мезгіл ыстық тамақпен қамтылсын.
- Осы хаттамалық шешім мектеп әкімшілігіне ұсынылсын.
Кеңес төрағасы: Б.Жамалбеков
Кеңес хатшысы А.Елтай
ДТІЖО: Б.Сейтқазы
№ 74 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қамқоршылық кеңес мәжілісінің
ХАТТАМАСЫ
Қарасу ауылы «16» 08.2021 ж
Жиналыс төрағасы: Б.Жамалбеков
Жиналыс хатшысы: А.Елтай №74 жалпы орта мектебінің әлеуметтік педагог, комиссия хатшысы
Қатысқандар: №74 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қамқоршылық кеңес мүшелері (тізім бойынша) және мектеп әкімшілігі.
Күн тәртібінде:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысының 1- тарау 1- тармағына сәйкес мектепте білім алатын төмендегі санаттағы балалардың ата-аналарынан түскен өтініштер бойынша жалпыға міндетті оқу қорынан киім кешек және оқу құрал жабдықтары түрде көмек беру туралы.
Игенбаева Динара, Елтай Алтынай
(мектеп директоры, әлеуметтік педагог)
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектептің әлеуметтік педагогы :Алтынай Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпанындағы №255 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан, сондай-ақ мемлекеттік көмек алмайтын,жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылар мен тәрбиеленушіліріне және және жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен,оларды есепке алу қағидаларын бекіту» ережесі,ҚР Білім және ғылым министірінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына оқушыларға киім кешек және оқу құрал жабдықтары үшін «Жалпыға бірдей міндетті білім» қорынан ажыратылған жалпы тамыз айына тізімде қоса тігілген АӘК тізіміне енгізілген 95 оқушыға, қамқоршы шешімі бойынша 8 оқушыға,қамқоршылықтағы 1 оқушыға, жалпы 104 оқушыға оқу-құралдары жалпы қаулысына сай санитарлық ережелері сақталып таратылсын
Сөз алғандар:
Әлеуметтік педагог: А.Елтай ата-аналардың өтініштерін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысымен бекітілген қағида талаптарының 4- тармағында көрсетілген дәлелді құжаттарын қарауды және кеңес мүшелеріне ата-аналардың киім кешек және оқу құрал жабдықтары ретінде көмек алуына қарсы еместігі бойынша өз пікірін білдірді.
Қамқоршылық кеңес мүшелері ата-аналардың өтініштерін қарай келе қамқоршылық кеңестің шешімін ашық дауыс беру арқылы қабылдауды ұсынып, төмендегі шешім қабылданды.
Комиссия шешімі:
- АӘК тізіміне енгізілген 95 оқушыға, қамқоршы шешімі бойынша 8 оқушыға,қамқоршылықтағы 1 оқушыға, жалпы 104 оқушыға оқу-құралдары санитарлық ережелері сақталып таратылсын.
- Осы хаттамалық шешім мектеп әкімшілігіне ұсынылсын.
Кеңес төрағасы: Б.Жамалбеков
Кеңес хатшысы А.Елтай
ДТІЖО: Б.Сейтқазы
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ХАТТАМА
№ 1
Қамқоршылық Кеңес Отырысы
ХАТТАМА № 1
Күні: 25.10.2021. Өткізілген орны: №74 ЖОМ акт залы
«2021-2022 оқу жылына Қамқоршылық Кеңес құрамын сайлау туралы»
Қатысқандар:
1.Д.Игенбаева – мектеп директоры
2.Э.Бектасова – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
- Б.Сейтқазы – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
5.С.Сейдалиева– мектеп ата-аналар комитетінің төрайымы
- Р.Өтепбергенова – ардагер ұстаз
- Б.Адилбаев- кәсіподақ төрағасы
- А.Елтай-әлеуметтік педагог
Қатыспағандар : жоқ
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
- 2021-2022 оқу жылына мектепте Қамқоршылық Кеңесінің Ережесімен таныстыру, «Қамқоршылық Кеңестің» құрамын сайлау.
Д.Игенбаева – мектеп директоры
Тыңдалды:
1.Игенбаева.Д – «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру жəне оны сайлау тəртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы таныстырды. Қамқоршылық Кеңес құрамына мүше болуға ұсынылатын тұлғалармен таныстырды. Қамқоршылық Кеңестің құрылуы туралы хабарландыру мектептің интернет сайтына салғандығын хабарлады. Хабарландыру орнастырылған соң Қамқоршылық Кеңес құрамы тағайындалатынын айтты.
СӨЗ АЛҒАНДАР:
Б.Сейтқазы – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қамқоршылық Кеңес құрамына мүше болатын тұлғалардың жоба тізімін ұсынды. Талқылаудан соң Кеңес құрамына 9 адам ұсынылды
Кеңес төрағалығына Жеке кәсіпкер Директор ТОО «Жус и ко» Райымкулов Марат Азимханович ұсынды.
Қамқоршылық Кеңестің орынбасарына Асқаров Ержан Өміртайұлын қызметіне ұсынды.
(Қамқоршылық Кеңестің құрамына үміткерлердің жазбаша келісім хаттары қоса жалғанады).
Шешім:
- «2021-2022 оқу жылына Қамқоршылық Кеңесі төмендегідей құрамда бекітілсін:
- Раймкулов Марат Азимханович
- Асқаров Ержан Өміртайұлы
- Даубаев Журатбек Абдраймович
- Зикразимова Лаззат Расуловна
- Бектұрсынова Айнұр Кенесбековна
- Бисенбаева Гүлзат Абдрешевна
- Дәрмен Аманжол Данайұлы
- Сахов Нұрлан Умирзакович
- Рахманкулова Аманкүл
( Шешім бірауыздан ашық сайлау нәтижесінде қабылданды.)
- Қамқоршылық Кеңес мүшелеріне мектептің оқу-тәрбие жұмыстарымен толық танысып, 5 қарашаға дейін 2021-2022 оқу жылына арналған Қамқоршылық Кеңестің жылдық жұмыс жоспарын келесі отырысқа бекіту үшін ұсынуға дайындау.
№74 жалпы орта мектебінің
Қамқоршылық Кеңес төрағасы: ___________Раймкулов.М.А
Қамқоршылық Кеңес хатшысы: ___________А.Елтай
Мүшелері:
- Асқаров Ержан Өміртайұлы
- Даубаев Журатбек Абдраймович
- Зикразимова Лаззат Расуловна
- Бектұрсынова Айнұр Кенесбековна
- Бисенбаева Гүлзат Абдрешевна
- Дәрмен Аманжол Данайұлы
- Сахов Нұрлан Умирзакович
- Рахманкулова Аманкүл