№47 Амангелді атындағы жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
№47 Амангелді атындағы жалпы орта мектебінің мекен жайы – Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Сиқым ауылы, А. Мұсабеков көшесі №23г
Мектеп ғимараты 1986 жылы салынған, жалпы ауданы 1660,3 шаршы метр, жобалық қуаттылығы 190 адам.
оқушылар саны:
Жалпы 222
0 – сыныпта – 19
1-4 сыныпта –77
5-9 сыныпта – 99
10-11 сыныпта – 36
қызметкерлер саны: 52
37– мұғалім;
15- техник қызметші жұмыс атқарады.
Мектеп ұстаздарының сапалық құрамы:
9- мұғалім педагог зерттеуші,
9- мұғалім педагог сарапшы,
5 – мұғалім педагог-модератор,
Жоқ -мұғалім жоғары санатты,
Жоқ- мұғалім І санатты,
Жоқ- мұғалім ІІ санатты
14- мұғалім санатсыз жұмыс атқарады.
Техникалық қоры:
15 – оқу кабинеті;
1 – асхана;
1 – Физика кабинеті;
1 Медицина кабинеті;
1 информатика кабинеті;
1 АӘД кабинеттері орналасқан;
Кітапхана туралы
Кітапхана ауданы – 46
Оқу залы – 1 қанша орын-8
Жалпы кітапхана қоры – 20823
Оқырман саны – 60
МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ
- Мектеп директоры Малибек Гүлжан Адуқызы
- Оқу ісі жөніндегі орын. Балқыбек Венера Әсембекқызы
- Тәрбие ісі жөніндегі орын. Тоғыспай Жомарт Садықұлы
- Бейінді оқыту ісі жөніндегі орын. Мамыркулова Мнай Идирисовна
Мектеп директоры
Малибек Гүлжан Адуқызы
Қамқоршылық кеңес хаттамасы
Хаттама №2 10.09.2021ж
№ 47 Амангелді атындағы жалпы орта мектебі қыркүйек айының 10-і күні сағат 15-те мектеп әкімшілігі, мен қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірлескен жиналыс болып өтті .
Күн тәртібінде:
- « Қамқоршылық кеңесінің » жұмысын ұйымдастыруда, 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту
- Қамқоршылық кеңес алдында 2020-2021 оқу жылында атқарылған жұмыстары туралы мектеп директорының есебі.
Қатысқандар:
Қамқоршылақ кеңес мүшелері: 9 адам, мектеп әкімшілігі: 5 адам.
Тыңдалды:
Алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Г.Малибек алып аудандық білім бөлімінің 2019жылғы 11 қарашадағы №412 бұйрығымен бекітілген «Қамқошылык кеңесінің » құрамына қандай қоғамдық ұйымдар кіре алатандығы және олардың білім беру ұйымдарымен бірлесіп қандай жұмыстарға белсене қатысып қаржылай және материалдық техникалық жағынан қандай көмектер бере алатындығын түсіндіріп өтті. «Қамқоршылық кеңесі » негізгі бағыттарын айқындай отырып, 2021-2022 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарымен таныстырып өтті. Жаңа оқу жылына құрылған жоспарды кеңес мүшелері бір ауыздан мақұлдады.
Келесі мәселе бойынша өткен оқу жылындағы мектепте атқарылған біршама іс –шараларға тоқталып, оқушыларымыз аудандық, облыстық, республикалық олимпиадаларға қатысып жүлделі орындар еиленгенін тілге тиек етті. Оқу жылында 12 оқушы мектеп бітіріп оның 7 оқушымыз мемлекеттік гран иегері болғандығын қалған оқушыларда жоғарғы оқу орындарына түкендігін жеткізді.
Келесі сөз мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Тоғыспай алып өз сөзінде Қамқоршылық кеңес мүшелері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығына негізінде сайланған кеңес мүшелерімен бірлесе жұмыстар атқарылып келе жатқандығын, алдағы оқу жылында жоспарға сәйкес білім беру ұйымының әлеуметтік мәдени сауықтыру дамыту іс-шараларын, тәрбие мен оқытуда ынтымақтастық орнатуға, білім беру ұйымының әрі қарай дамуына ықпал етуге бірлесіп жұмыстар атқаратынымызға сенімді екендігін білдірді.
Қаулы:
- Қамқоршылық кеңестің 2021-2022 оқу жылына құрылған жоспары негізінде бірлескен жұмыстар жандандырылсын.
2..Қамқоршылық кеңес алдында мектеп директорының 2020-2021 оқу жылында атқарылған жұмыстары қанағаттанарлық деп танылсын
Жиналыс төрағасы: Б.Ботанов
Хатшы: Г.Алсейтова
Хаттама №3 10.12.2021ж
№ 47 Амангелді атындағы жалпы орта мектебінде желтоқсан айының 10-і күні сағат 15-те мектеп әкімшілігі, мен қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірлескен жиналыс болып өтті
Күн тәртібінде:
- Білім беру ұйымының әрі қарай дамуына ықпал ету, «Мектепке жол» акциясының қорытынды есебін тыңдау,білім аулшылардың денсаулығын сақтау мақсатында берілетін ыстық тамақтың сапасына бақылау жасау.
- Білім беру ұйымының «Адал ұрпақ» мектеп клубы мен қосымша білім алу жұмыстары үйірмелер жұмысының өтілу барысын қадағалау.
- Білім беру ұйымының қысқы жылыту маусымындағы жұмыстарымен танысу.
Қатысқандар: Қамқоршылақ кеңес мүшелері: 7 адам, мектеп әкімшілігі: 6 адам.
Тыңдалды:
Алғашқы сөз кезегін Қамқоршылық кеңес төрағасы Б.Ботанов алып бүгінгі жиналыстың күн тәртібімен таныстырып өтті. Мектепке жол акциясы бойынша мектеп әлеуметтік педагогы Г.Алсейтова сөз кезегі беріліп биылғы жылы мемлекттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы оқушыларына мемлекет тарапынан қазан айына бөлінген оқу құралдары 5 оқушыға таратылып берілгенін айтты. Ал биылғы оқу жылы басталғалы 5 оқушыға «Жалпыға міндетті білім қорынан» тегін киім кешек пен қамтылғанын және мектеп асханасынан бір мезгіл ыстық тамақ беріліп жатқандығын ас мәзірі үнемі бақылауда екендігін жеткізді.
Келесі сөз кезегі директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Ж.Тоғыспайға берілді, ол өз сөзін оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мектепте қолөнер қыздар,ұлдар және бокс, валейбол үйірмелері жұмыс жасап жатқандығын айта келе күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Адал ұрпақ» мектеп клубы жұмысы жоспарға сәйкес жүріп жатқандығын, болашақ ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мен тәлім берудегі оңды істерін саралап өтті.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселеге шаруашылық меңгерушісі Н.Аширов мектептегі жылыту қазандығы өзінің қызымет ету кезеңінен екі есе көп жұмыс жасағанын және қараша айында бір рет бұзылып мектепте жылу болмай қалғандығын айтты. Ол істен шыққан құрылғының басқасына ауысқанын кәзіргі таңда мектеп жылы бірақ жылыту қазандығы ескіргенін істен шығу қауіпі барын тілге тиек етті. Кеңес төрағасы бүгінгі жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралғанын айтып жиналысқа келгендерге алғыс айтты.
Қаулы:
- «Мектепке жол» акциясы мен «Адал ұрпақ» клубы жұмыстары өз жалғасын тауып жұмыс жүйелі жолға қойылсын.
- Білім беру ұйымының қысқы жылыту маусымындағы жұмыстары назарға алынсын, жылыту қазандығының ауыстырылуына жұмыстар жүргізілсін
Жиналыс төрағасы: Б.Ботанов
Хатшы: Г.Алсейтова