Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты барлық мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік қызметтер мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ашықтығы арттырылуда, халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуде, білім сапасын арттыруда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы
№ 254 бұйрығы негізінде іске асырады.
Биылғы жылы мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне кезекке қою және жолдама беру процесін автоматтандыру қызметі бойынша жұмыстар balabaksha.sitcen.kz порталы арқылы «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 14 шілдедегі №337 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 18мамырдағы № 213 бұйрығы негізінде іске асырылуда. Бұл жүйе бойынша қазіргі таңда ауданымыздың барлық мектепке дейінгі ұйымдары жұмыс атқарады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сай 2022 жылы мектепке дейінгі тәрбиемен оқытумен 3-6 жастағы балаларды қамту үлесі 100% пайызға, ал 1-6 жастағы балаларды қамту 82,6% жеткізу міндеттелген.
Сайрам ауданында 2021 жылдың желтоқсан айының қорытындысымен Сайрам ауданында 99 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, онда – 12630 бала қамтылған. Оның ішінде:
11 мемлекеттік балабақшада – 1720 бала;
85 жекеменшік балабақшада – 10820 бала;
3 мектеп жанындағы шағын орталықта – 90 бала;
1-6 жастағы 12630 бала балабақшамен қамтылған, қамту пайызы 94,8. Оның ішінде 3-6 жастағы 9658 бала қамтылып, 3-6 жастағы қамту пайызы 100 % құрады. 1-6 жастағы кезекте тұрған бала саны 1129, оның ішінде 3-6 жастағы кезектегі бала тіркелмеген.
2022 жылы balabaksha.sitcen.kz порталы бойынша 1-6 жас аралығында 12630 баланың жолдамалары онлайн жүйеде электронды портал арқылы тіркелген. Аталған жүйелер түрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жойып, азаматтар үшін барынша ашық түрде және қолайлы болуын қамтамасыз етеді.
Сайрам ауданының адами әлеутті
дамыту бөлімінің бас маманы Ф.Оспанова