Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі
Егер сіз жемқорлыққа тап бослаңыз осы нөмірге хабарласыңыз
Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміСайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі

Жаңалықтар

Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің арнайы хатына сәйкес №17 жалпы орта мектебінің бейінді істер жөніндегі директор орынбасары С.Шадиев және кәсіби бағыт – бағдар беруші педагог С.Султанкуловалар жіберілген хат негізінде «Кәсіби бағыт-бағдар беру» ге арналған онкүндіктің жоспарын жасап, сәйкесінше іс-шаралар ұйымдастырып отыр. Атап айтар болсақ 18.04.2023 жылы 9-11 сынып оқушыларымен бірге «Мамандықтың жаманы жоқ» тақырыбында әртүрлі мамандық иелерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Сайрам аудандық орталық ауруханасының дәрігері врач-терапевт Х.Шадиева, Сайрам аудандық мәслихаты депутаты және жеке кәсіпкер Д.Анартаев, «TELE 2» компаниясының аймақтық инженері А.Абдигапиров, Сайрам аудандық орталық ауруханасының дәрігері фельдшер Б.Имамрасулов, архитектор-прораб З.Раметов, автоэлектрик және моторист С.Шакиров, «Үздік пән мұғалімі 2022» Республикалық байқауының жүлдегері атанған талантты жас мұғалім Д.Иззатуллаев және музыкатанушы білікті маман И.Абдурасуловтар қатысты. Жоғарыда аттары аталған бұл тұлғалар әртүрлі салада жұмыс жасайтын өз ісінің нағыз мамандары болып табылады. Кездесу барысында мамандар мектеп оқушыларына өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісе отырып, бар білгендерін айтып, өздерінің ақыл кеңестерін берді. Сұхбат барысында оқушылар да өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әртүрлі мамандық иелерінен қызықты жауаптар алды. Мектеп оқушыларымен кездесуге келген мамандардың барлығы бірдей – бүгінгі күндегі жастарға тек қана білім алудың жеткіліксіз екендігін,бұған қоса шет тілдерін үйрену, алдарына жоғары мақсат қойып, сол мақсаттарын қарай ұмтылу керектігін, қандай кәсіпті таңдаса да өз ісінің нағыз шебері болуға тырысуы керектігін айтып өтті. Оқушылар үшін кездесу өте қызықты әрі жемісті болды. Алдағы уақытта да мұндай іс-шараларды жиі өткізіп тұру жоспарланып отыр.

Толық оқу

Сайрам аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №17 жалпы орта мектебінің бейінді істер жөніндегі директор орынбасары С.Шадиевтың жұмыс жоспарына сәйкес, 2022 – 2023 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектер 11 – сынып оқушыларымен ЖОО ға ақылы негізде оқуға түсу үшін тапсырылатын «Наурыз ҰБТ» және ЖОО ға мелекеттік грантқа түсуге арналған «Негізгі ҰБТ» ға дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында Ақсукент ауылында ашылған «USTUDY» тест орталығында сынақ тест тапсырды. Көзделген басты мақсат: Мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ ға дайындықтарын текесеру, олардың бойында психологиялық дағды қалыптасуына әсер ету және мотивация беру. «Сынақ тест» сәтті болды. Тестілеуге қатысқан 12 оқушының ішінен 10 оқушы «Шекті баллды» жинап шықты. Солардың ішінен 3 оқушы; Ч.Сайдикаримова 120 балл, Ж.Маматов 113 балл, Д.Эркинов 110 балл жинап жоғары нәтиже көрсетті. Алдағы уақытта сынақ тесттерін жоспарлы түрде жүйелі өткізіп отыру үшін, мектеп «Ата – аналар кеңесі» мен сұхбат жүргізіліп, жоспар жасалды.

Толық оқу

#Оқуға_ құштар_ мектеп_ жобасы #Білімді_ Оқырман_II #№17_ ЖОМ Түркістан облысы Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында орналасқан мектептер арасында А.Науаи атындағы мәдениет сарайында «Білімді оқырман II» байқауы өткізілді.Байқау төрт кезеңді қамтыды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес, ҚР БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған «Білімді оқырман II» байқауының басты мақсаты: Ауыл жастарының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және кітап оқуды оқушылар арасында кеңінен насихаттау болып табылады. Байқауға №17 жалпы орта мектебінің қазақ тілі, орыс тілі, өзбек тілі пәні мұғалімдері және оқушылар қатысты. Қазақ тілі пәні бойынша И.Анартаева мен Л.Халмантаева бастаған мұғалімдер және аталған пән бойынша байқауға қатысқан оқушылар: Д.Хамзаева, М.Камилжанов, Х.Қахраманова, Д.Абдикаюмова, Д.Сабиржанова. Орыс тілі пәні бойынша Ю.Абдуллаева мен З.Моминова бастаған мұғалімдер және аталған пән бойынша байқауға қатысқан оқушылар: М.Иристаев, С.Абдирахманова, Н.Хамзаев, Ж.Сайдазимов, Д.Абдикаримова. Өзбек тілі пәні бойынша: С.Ахмедова мен Т.Абдирахманова бастаған мұғалімдер және аталған пән бойынша байқауға қатысқан оқушылар: Т.Хикматжанова, Х.Хикматжанова, Р.Уринтаева, Д.Абдирашидова, М.Абдулхакова. Төрт кезеңді қамтыған «Білімді оқырман II» байқауының соңғы төртінші кезеңі өте қызықты өтті. Төртінші кезеңнің шарты бойынша әр командаға байқау шарты бойынша алдын ала атақты жазушылардың бір шығармасынан үзіндісін сахналық қойылым арқылы жүзеге асыру керек болды.Бұл кезеңде қатысқан барлық команда жоғары нәтиже көрсетті. «Білімді оқырман II» байқауына мектебіміздің атынан қатысқан барлық жетекші мұғалімдер және оқушыларды мектеп директоры А.Ахмедов тарапынан «Алғыс хат» және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Алдағы уақытта аталған жоба аясында басқа да түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.

Толық оқу

Түркістан облысы Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №17 жалпы орта мектебінде 2022 жылы 12 желтоқсан күні 9-11 сынып оқушылары арасында кәсіби бағыт – бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында директордың бейінді істер жөніндегі орынбасары С.Шадиев және кәсіби бағыт-бағдар беру ісі бойынша педагог С.Султанкуловалардың ұйымдастыруымен «Мамандық таңдауда нені ескеру керек?» тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсат: Жоғары сынып оқушыларының қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып,мамандық таңдауда кездесетін қиыншылықтарды жеңіп өту жолдарын үйрету, олардың бойында психологиялық иммунитет қалыптастыру. Тренинг барысында – оқушылардың мамандық таңдауда кездесетін түрлі қиыншылықтарын психологиялық ойындар мен жаттығулар арқылы шешу жолдары көрсетілді. Тренинг жоғары дәрежеде көтеріңкі көңіл – күймен өтті. Алдағы уақытта да мұндай іс-шараларды жоспарлы түрде жиі өткізіп тұру көзделіп отыр.

Толық оқу

Түркістан облысы, Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №17 жалпы орта мектебінде 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағыт – бағдар беру апталығы жалғасып жатыр. Осы орайда мектептің бейінді істер жөніндегі директор орынбасары С.Шадиев Ақсукент ауылында орналасқан Е.Сарманов атындағы гуманитарлық агроэкономикалық колледжі ұжымы және аталған колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Құдайбергеновпен бірлесе отырып, жоғары сынып оқушыларымен “Мамандықты дұрыс таңдай білейік” тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Іс-шараны өткізуден көзделген басты мақсат- оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, оларға заман талабына сай мамандық таңдауы үшін бағыт-бағдар көрсетіп, түрлі мамандықтар туралы ақпараттар беру. Аталған кездесу мектеп оқушылары үшін өте пайдалы болды. Әр түлектің өздерін қызықтырған сұрақтарына колледжден келген арнайы мамандар жауап беріп отырды. Алдағы уақытта мектепте осындай іс-шараларды өткізу жоспарлы түрде өз жалғасын табады.

Толық оқу

Толық оқу